ГККП «Ясли-сад № 58 «Балауса»

отдела образования акимата г.Актау

Қош келдіңіз!

№58 балабақшада жоғары және арнаулы орта білімді тәрбиешілер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда жоғары санатты 5 педагог, І санатты 13 педагог еңбек етеді.

 

№58 балабақшада бала денсаулығы мәселесі бірінші орында тұр. Дене шынықтыру сабақтары мен спорттық ойын-сауықтардан басқа, «денсаулық тобы» балаларымен П.К.Ивановтың табиғи-сауықтыру әдісі бойынша шынықтыру жұмыстары жүргізіледі. Сәуір айында Халықаралық Денсаулық күніне арналған «Мектепке дейінгі жастағы балаларды сауықтырудың және шынықтырудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта қалалық семинар жүргізілді, семинарды өткізуге атсалысқан педагогтар: дене тәрбиесі нұсқаушысы А.Оразоваға, Б.Абдикеримоваға, М.М.Оразбековаға, С.А. Скорняковаға қалалық білім үйлестіру орталығынан алғыс жарияланды. Семинар-практикум мақсаты: денсаулықты нығайту және дене тәрбиесін арттыру, салауатты өмір салтына және адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, өмірді бағалай білуге үйрету, айнала қоршаған ортаны қорғай білуге ынталандыру.

Жұмыс барысында еңбек іс-әрекеттерінің әртүрлері қолданылды, бала бойында еңбекке деген қызығушылық және құлшыныс тәрбиеленді, алдағы оқу жылында табиғат бұршындағы еңбекке көбірек көңіл бөлген дұрыс.

Жоспарлау барысында балалармен көптеген ойын түрлері жүргізілді, ойын арқылы баланың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, елестету қабілеттері дамытылды, қоғамдық мінез-құлық ережелері үйретіліп, қажетті машықтар тәрбиеленді.

 

Балабақшадағы мамандар: мұғалімдер және тәрбиешілер өз мамандықтарына, іс-тәжірибелеріне, жеке бастарының психологиялық ерекшеліктеріне, көзқарастарына және мүмкіндіктеріне қарай жас ерекшеліктері әр түрлі топтарға, қызметке сай іріктеліп бекітілген. Балабақша мұғалімдері мен тәрбиешілері қалааралық жетістіктер апталығынында басқа балабақшаларда өткізілген ашық сабақтарға қатысып, іс-тәжірибе алмасуға белсене қатысты. Оқыту және тәрбиелеу жұмыстары барысында балаларды қазақ халқының тұрмыс-салтымен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен және мемлекетіміздің рәміздерімен таныстыруға үлкен көңіл бөлді. Топтарда ұлттық бұрыштар жасақталған, қазақ тілі кабинеті эстетикалық талғамға сай безендірілген, қажетті көрнекілік және оқу құралдарымен жабдықталған. Оқу-тәрбие жұмыстары орыс тілінде жүретін топтарда қазақ тілі сабақтары жүреді, сонымнен бірге топтарда ағылшын тілі және информатика сабақтары жүреді.

Тәрбиешілер жан-жақты ізденіп, сабақ жоспарларын балалардың жас ерекшеліктеріне сай қызықты ұйымдастыруға тырысты. Осы орайда бейнелеу пәні мұғалімі А.К.Жумагалиеваның, дене тәрбиесі нұсқаушысы А.Ж.Оразованың, №10 топ тәрбиешісі З.К.Айтымованың, №9 топ тәрбиешісі Р.Н.Жауметованың, №12 тәрбиешісі Р.Ізбасарованың  жұмыстарын атап өтуге болады. Бұл педагогтардың топтарының балаларының 70-75% өз жас ерекшеліктеріне сай бағдарламаны меңгеріп, жақсы көрсеткіштерге жетіп отырды.

Балабақша тәрбиеленушілері қалааралық жарыстарға және сайыстарға белсенді түрде қатысып отырады:

- қалалық «Ең үздік балабақша - 2009» байқауы – ІІ орын

- қалалық «Үздік тәрбиеші - 2009» - Жилгельдина Г. С. ІІІ орын

- қалалық «Әрқашан күн сөнбесін» сурет байқауы - Диплом (мұғалім Оразбекова М.М.)

 

қалалық “Жауқазын”  шығармашылық фестивалі – Алғыс хат.

 

2017. ГККП «Ясли-сад № 58 «Балауса» отдела образования акимата г.Актау