ГККП «Ясли-сад № 58 «Балауса»

отдела образования акимата г.Актау

Жаңалықтар

  • 1-6 наурыз

    1-6 наурыз  аралығында   біздің балабақшамызда 8наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік шаралар өтті. Көңілді билер мен әндер, аналар мен әжелерге арналған тақпақтар ертеңгіліктердің шырайын келтірді.

  • 17-18 наурызда

         17-18 наурызда Ұлыстың Ұлы күніне арналған Наурыз тойы өтті Той барысында балалар қазақтың салт-дәстүрлерімен  кеңірек танысты. Қонаққа Алдар Көсе мен бай келіп, қойылым көрсетілді. Балалар «Асық ату», «Көкпар», «Арқа  тартыс», «Ханталапай», «Білек күшін сынасу» сияқты халқымыздың ұлттық ойындары  бойынша  өзара сайысып, «Бесікке салу »  көрінісін тамашалады.

  • 7сәуір

    «Дені сау отбасы-дені сау бала» ұранымен  7сәуір күні 5-Ортаңғы топта «Мама, папа и я, спортивная семья»  тақырыбында спорттық  сайыс өтті. Бұл сайыс кезінде өзара бәсекелескен балалардың , олардың аналары мен   әкелерінің жеңіске деген ұмтылысы , құлшынысы жоғары деңгейден көрініп, барлығы да жеңімпаз деп танылды Балалар өте белсенді болды және өз жеңістеріне қуанып, бір марқайып   қалды.

  •  7сәуір

    «Бүкіләлемдік Денсаулық  күніне»  11, 12- Ересек топтарда «Көңілді старт»   өткізілді. Дене шынықтыру мұғалімі балалар және олардың ата-аналарымен бірге эстафеталық жарыс өткізді.Өз ата-аналарына қолдау көрсеткен балалардың бақытты, көңілді жүздерін көрген қандай ғанибет?!  Ал балалармен  бірге жарысқа  қатысқан ата-аналардың да қуанышында шек болмады. Бұл үлкен тәрбиелік мәні зор шара болды.

  • 19 сәуір 2016

    19 сәуір 2016 жылы қалалық «Жыл тәрбиешісі-2016»  байқауы өтті . Байқауға балабақшамыздан жоғары ктегориялы маман А.Нұрболатова  қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!

  • 4мамыр 2016 жылы

    4мамыр 2016 жылы  Отанды қорғау күніне орай  2,11-топтарда шара өтті. Бұл біздің тыны штығымызды қорғаған ер-азаматтарымыздың мейрамы болғандықтан, балалардың әкелері  қонаққа шақырылды. Балалар десанттар мен барлаушылар болып екіге бөлініп, өзара сайысты. Берілген тапсырмаларды  асқан ептілікпен, жылдамдықпен   орындап, жеңіске жетуге ұмтылды.  Қарбалас тірлікте бала тәрбиесі үшін әкелердің уақыты көп бола бермейтіндіктен, шара өте әсерлі өтті. Құрметтеліп  шақырылған әкелер де өздерін шара барысында ержүрек қалыпта көрсете білді. Тәрбиешілер мен балалар әкелерді мейрамдарымен  құттықтап, оларға түрлі- түсті қағаздардан  өз қолдарымен  жасалған  ескерткіш сыйлықтарды табыс етті.

  • 6 мамыр 2016 жылы

    6 мамыр 2016 жылы Жеңіс күніне орай балабақшамызда мерекелік  концерт болып өтті. Мереке ұраны  « Жеңіс күні - бүкілхалықтық бейбітшілік  және бірлік күні»  болды. Соғыс деген суық сөзбен бірге көз алдымызға  көз жас пен өлім елестейді. Концертті өткізудегі басты мақсат бірлігіміз бен Отансүйгіштігіміз  арқасында ғана жеңіске жеткенімізді  балаларға түсіндіру болды. Мерекелік концертке  Ұлы Отан соғысы ардагерлері шақырылып, оларға Жеңіс туралы әндер, тақпақтар айтылып, би биленді. Ардагерлер  соғыс кезіндегі  өз ерліктері жайында балаларға әңгімелеп берді. Бұл  жоғары деңгейде өтілген шараның бірі болды.

  • 20 мамыр күні

    20 мамыр күні балабақшамыздың бүлдіршіндері  қалалық  «Жауқазын»  балалар фестиваліне  қатысып, «Ең көңілді би» атағын  иеленіп, I дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарды тамаша жетістігімен құттықтаймыз!

  • 2016 жыл 20-24  мамыр аралығындағы өткізілген балабақшамен қоштасу

    ертеңгілігі : №2, 11, 12, 7, 10.

    2016 жыл 20-24  мамыр аралығындағы өткізілген балабақшамен қоштасу ертеңгілігі : №2, 11, 12, 7, 10.

              «Қош бол балабақша, сәламатсыз ба, мектебім!» атты балабақшамен қоштасу кеші ұйымдастырылды.

        Баланың балабақшамен қоштасуы - қуанатын, бір жағынан қимай көңілсіз болатын яғни, толқитын мереке. Бұл бір жағынан баланың өсіп, жетілгендігін білдіретін, өмірге, мектепке алғашқы қадам басатын,үлкен азамат болғанын бір кез еске түсіретін мереке. Бұл қадам балаға жаңа өмір, жаңа орта, жаңа дос табатын білім әлемі. Балабақшамен қоштасу-шын жүректен көңілді, ризашылықпен қоштасу кештерінің бірі.

    Биылғы қоштасу кеші салтанатты, есте қаларлықтай өткізілді. Бітіруші қыз балалар ханшайым болып киінсе, ер балалар салтанатты костюмдерімен әдемі әуенмен  залды сәнге бөледі. Бұл күні ата-аналар балаларға тосын сыйлар даярлады. Балалардың балабақшадағы бақытты сәттерінен фильм түсірілді.Кішкентай әртістер бұл күні өлең жолдарын арнап, ән салып, би биледі. Ал үлкендер болса, балаларға қошемет көрсетті. Ертеңгілік соңынан балалар өз тілектерін тілеп аспанға шарлар ұшырды.

    Балабақша бітірушілердің кешін көңілді, әдемі, ұйымшылдықпен өткізген тәрбиешілер Джауметова Р.Н., Жусупбек А.К., Мукашева А.А., Айтымова З.К., Суйербаева Н.Е.

     

     

     

  • 1 маусым 2016 жыл –Балаларды қорғау күні

    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні болып саналады. Бұл күні әр баланың бақытты жүзін көру үшін жағдайлар жасалады.

    Біздің балабақшада балалардың мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Көңілді сайқымазақ Кнопкамен бірге балалар түрлі ойындар ойнап, тақпақтар оқыды.Мыстан әжемен бірге би билеп, әндер шырқады.

     Шара соңы асфальт бетіне сурет салу  байқауымен жалғасты. Салынған суреттерге балалар, ата-аналар, қызметкерлер  разы болды.

        Ең бастысы өсе келе балалар айналадағы өмірді сүйе білуге үйреніп, дұрыс тәлім-тәрбие алу арқылы білімге ұмтылады. Бала өзін бақытты сезініп, елін сүйе білетін азамат болып қалыптасады.

     

     

  • 17 маусым 2016 жыл балабақшада Олимпиада ойындары ашылды.

    17 маусым 2016 жыл балабақшада Олимпиада ойындары ашылды. Олимпиада салтанатты түрде еліміздің жалауын көтеру арқылы ашылды. Біздің тәрбиеленушілеріміз мынандай жарыс түрлерінен сайысқа түсті: жүгіру, жіппен секіру, ұзындыққа секіру, қалтаны алып жүгіру, отырып-   тұру. Бірінші күні балалар жүгіру, жіппен секіру түрлерінен жарысқа қатысты. Екінші күні ересек топ балалары ұзындыққа секіру, қалтаны алып жүгіру, отырып тұру сияқты жарыс түрлеріне қатысты.  Барлық балалар тапсырмаларды дер кезінде орындап, жақсы нәтижелер көрсетті. Олимпиадалық ойындар жақсы көңіл күйде аяқталды.

  • 14 шілде 2016 ж. – Сабын көпіршіктерімен мереке

    Балабақшада 14 шілде күні  «Сабын көпіршіктерімен мерекесі» болды. Қонаққа сабын көпіршікті Ханшайым келді. Қызықты жүргізілген мереке балаларға көңілді күй сыйлады. Сабын көпіршіктерін үрлеу балаларға керемет ұнады. Көңілді би биленіп, ойындар ойналды.

  • 25 тамыз -1 қыркүйек 2016 жыл

    Балабақшада  30 тамыз - Конституция күні және 1қыркүйек Білім күніне арналған «Білімді ел-мәңгілік ел» тақырыбында апталық жоспар жасақталды. Жоспарға сәйкес «Тәуелсіздікпен бірге» атты ақпараттандыру стендісі даярланды. Сонымен қатар «Менің құқықтарым мен міндеттерім», «Нет Родины милей на свете, На самой  голубой из всех планет», «Білімді ел-мәңгі ел» атты топтарда тақырыптық сабақтар өткізіліп, сабақтар талқыланды. Ортаңғы топтар арасында «Ата заңым-айбыным» тақырыбында өлеңдер оқу байқауы жүргізіліп, жүлдегерлер марапатталды.

     1 қыркүйек Білім күніне арнап «Ел болашағы білімділер қолында, Тер төгейік, оқу-білім жолында» тақырыбында мерекелік ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік түрлі әндер,билермен көмкеріліп, көңілді Сайқымазақпен бірге жүргізілген қызықты ойын түрлерімен ұштастырылды. «Мектеп өмірімен танысайық» балалармен мектепке саяхат ұйымдастырылып, ұстаздармен кездесті. Мектептегі бір күнгі күн тәртібімен таныстырылды. Ересек топтары арасында «Бақытты балалақ шақ» атты асфальтқа сурет салу байқауы өткізіліп, әділқазылардың ұйғарымымен жүлдегерлер марапатталды.

     

     

  • 9  қыркүйек  2016 ж. – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай « Менің туған өлкем» атты сурет салу байқауы қортындыланды

    Жоғарғы топтар арасында «Менің туған өлкем» тақырыбында сурет  салу байқауы өткізіліп, жүлдегерлер дипломмен марапатталды. Балалар Отанына деген сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне бейнелеу арқылы көрсете білді. Байқау жеңімпаздары: Ерболат Акнур (11 топ), Абдулкеримов Магомед (11 топ), Токарева Настя (11 топ), Аманжолов Кайсар (9 топ)

    Жүлдегерлерге шығармашылық табыс тілейміз!

     

     

  • 28 қыркүйек 2016 ж.

    Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай,  22 қыркүйек күні  облыс әкімінің қолдауымен патриоттық  форум болып өтті. Форумға облыстық, қалалық және  этномәдени орталық өкілдері, Қазақстан және маңғыстау облысының құрметті азаматтары, озат оқушылар, колледжі студенттерімен бірге біздің балабақша тәрбиеленшілері де қатысты. Біздің әр ұлттан біріктірілген балаларымыз Отан туралы, достық, бала бақыты туралы тақпақтар оқып, мемлекеттік тілде ән шырқады.

     

  • 26.10.2016 ж.

    15 қазан күні  «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты акция болып өтті. Акция аясында балабақша тәрбиеленушілері қарттар үйіне барып, шағын концерт қойып берді. Концерт соңынан қарттарға сыйлықтар ұсынды. Балалардың өнерлеріне үлкендер дән риза болып, көңілдері көтерілді Біздің балабақшада.

  • 17.11.2016 ж.

    17  мен 25 қазан аралығында барлық  топтарда күз мерекесіне арналған мерекелік ертеңгілік болып өтті.  Ертеңгілікке Күз ханшайымы қонаққа келді. Ол балалармен бірге билеп, ән салып, ойындар ойнап, өзінің күзгі жемістерін сыйлады. Балалар өлең жолдарынан шашу шашып, шағын көрініс қойды. Мерекелік ертеңгілік өз дәрежесінде өтті.

  • 25.11.2016 ж.

    Ата-аналар үшін өткен семинар

    Ақтау қаласындағы №58 «Балауса» балабақшасында 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақпараттық-талдау орталығы АҚ, Маңғыстау облысының білім басқармасымен бірге «Отбасы және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстелі болды.  Дөңгелек үстелге Білім  және денсаулық сақтау басқармасынң өкілдері, Облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының  қызметкерлері, аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, балабақша  басшылары, әдіскерлері, педагогтері және ата-аналар қатысты.  Мақсаты ерте жастағы балалар дамуы мен күту аспектілері негізінде ата-аналарды қашықтықтан оқыту жобасын жүзеге асыру, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына қашықтықтан оқытудың тиімділігін түсіндіру бағытында жүргізілді.  Алғы сөзді ОМДТ мОО директорының міндетін атқарушы С.Ж.Еламанова алып, өткізілгелі отырған дөңгелек үстелдің мақсаты туралы айтты. Одан кейін ҚР БжҒМ АҚ Ақпараттық-талдау орталығының бас сарапшылары Ж.Г.Нұрмухамедова, Л.А.Барон қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.  Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытумен ұйымдастырылмаған балалардың ата-анасына ақпараттық қолдау көрсету туралы Маңғыстау облысының бала денсаулығы дәрігері А.С.Кеңесбаева қысқаша мағлұматтар берді. Балабақша психологы Г.К.Кабанова «Біз қандаймыз, ата-аналар?» тақырыбында  сырттан  келген ата-аналармен психологиялық тренинг жүргізді. Ата-аналар ойында жүрген сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерімен бөлісті.

  • 07.12.2016 ж.

    Балабақшада 2 - 6 желтоқсан аралығында Тұңғыш Президентіміздің туған күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  25 жыл толуына орай  сурет салу, мәнерлеп оқу байқаулары және тақырыптық сабақтар өткізілді. Өткізілген шаралардың мақсаты балаларды икемділікке үйреу, мәтінді нақышына келтіре айтуға үйрете отырып, балаларды патриотизмге,  елін, жерін, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

  • 07.12.2016 ж.

          6  желтоқсан күні балабақшада «Дені сау ұлт- дені сау ұрпақ» атты облыстық семинар болып өтті. Семинарда  «Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын шынықтыру және нығайту үшін жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы» туралы айтылды. Семинар қызықты,  мазмұнды, өте жоғарғы дәрежеде өтті. Семинарда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде денсаулықты сақтау технологиясын қолдану басты тақырып болды.  Сонымен қатар семинарда психолог маман Г.К.Кабанова  «Бейнелеу өнерінде денсаулықты сақтау технологиясы элементтерін қолдану» тақырыбындағы  іс-тәжірибесімен бөлісті. Қатысушы педагогтер денсаулықты сақтау технологиясын қолдану жөнінде толық мағлұмат алғандарына риза болысты. Маңғыстау облыстық мектепке дйінгі тәрбие мен білім беру орталығы өкілдерінің шешімімен іс тәжірибесі таратылды.

  • 09.12.2016 ж.

    «Тәуелсіздікпен бірге»

      2016жылдың 07.12 куні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл және «Балауса» балабақшасына 25 жыл толуына орай,  №58 «Балауса» балабақшасында «Тәуелсіздікпен бірге» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Шараға  қала әкімінің орынбасары Қуаныш Берішбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Тулебаева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Маңғыстау облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры Индира Жумагалиева, Облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының директоры Айгул Тоқбаева,  облыстық, қалалық кәсіподақ комитеті  балабақшаның ардагер қызметкерлері, басқа да балабақша директорлары, балабақша түлектері, ата-аналар қатысты. Әнұранмен басталған шарада балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. Келген қонақтар «Біз Отанның ұланымыз» деп ән шырқаған кішкентай Қонысбай Мединаға, Аманжол Қайсар мен Ерболат Бекнурдың нақышына келтіре орындаған «Тәуелсіздік» туралы тақпақтарына, Аитмұхан Райан бастаған бір топ бишілердің биіне  тәнті болды. Тәрбиеленушілермен бірге балабақша қызметкерлері де  ән салып, би билеп, жыр шумақтарынан шашу шашты. Шара соңында мерекелік құттықтаулар айтылып, қызметкерлерге марапаттар көрсетілді.

     

     

  • 13.12.2016 ж.

     9 желтоқсан күні балабақшада «Дені сау ұлт- дені сау ұрпақ» атты қалалық семинар болды. Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің педагогикалық білімі мен біліктілігін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау, балаларға өмірі мен денсаулықтың құндылығы мен маңыздылығын түсіндіру, гигиеналық мәдениетті қалыптастыру.  Семинар өте жоғары дәрежеде өтті. Семинарда «Отбасым-менің Отаным» денсаулықты сақтау технологиясын пайдалану арқылы үштілділік кешенді оқу қызметі және «Қонақ келсе, құт келер» дәстүрден тыс әдіс тәсілдер мен денсаулықты сақтау технологиясын пайдалану арқылы бейнелеу өнері сабақтары қызықты өтті.  Әсіресе, тыңдаушыларға дене шынықтыру мұғалімі жүргізген Ш.М. Нурмагамбетовтің «Әкемменен доспыз біз, екеуміз де күштіміз» атты спорттық шарасы ұнады. Папаларымен бірге жүргізілген, түрлі тапсырмалардан тұратын сайыс түрі қызықты әрі көңілді өтті. Барлық қатысушы командалар марапатталды.

     

  • 04.01.2017 ж.

     26-29 желтоқсан аралығында балабақшада жаңа жылдық мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Әрбір бала жаңа жылды асыға күтеді. Балабақшадағы жаңа жылдық ертеңгіліктер бала өміріне ертегі әлемін сыйлайды. Балалар ертеңгілікте әндер шырқап, тақпақтар оқып, билер биледі. Ертеңгілікте   балалар түрлі ойындар ойнап, ертегі кейіпкерлері болып ойнады. Жаңа жыл бұл балалардың есінде қалатын, әрі асыға ұзақ күтетін, ерекше мерекесі. Балалар басты кейіпкер Аяз-ата мен Ақшақармен  түрлі көріністер тамашалау арқылы жаңа жылды тойлады.

     

    Жаңа жылдарыңызбен!

    Бақыт, шаттық, қуаныш тілейміз! Армандарыңыз орындалсын!

  • 19.01.2017 ж.

          Бүгінгі күні жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие беру өзекті мәселелердің бірі. Мақсаты  баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету. Табиғатты танып-білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып,сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Экологиялық тәрбие беру арқылы балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыра отырып, оларды күтіп баптаудың жолдарын және аялай білуге тәрбиелейміз.

     

    Осы бағытта  балабақшамыздағы №7 ересектер тобында «Маңғыстау құстары» тақырыбында акция болып өтті. Мақсаты балалардың бойында  табиғатқа, айнала қоршаған ортаға  деген көзқарастарын оята отырып, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Тәрбиешілер мен ата-аналардың көмегімен теңіз жағалауларына барып, аққуларға, үйректерге  жем шашып қамқорлықтарын көрсетті. Балалар тамақтанған құстарды бақылап, өздерінің жасаған қайырымды істеріне шаттанды.  Акция соңында балабақша алаңдарында балалар қыс мезгіліндегі  тускен жапырақтарды жинап, айналаны жинақтады.

     

     

  • 16.02.2017 ж.

    2017 жылдың 2-13 ақпаны күндері аралығында  №58 «Балауса» балабақшасында  өзін-өзі тану пәнінен:«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты  дәстүрлі онкүндігі іс-шаралары өткізілді.

     

    2.02.17ж.  Өзін-өзі тану:«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі іс-шараларының ашылуы.

    1.Балабақша директоры А.Оразова онкүндік жоспарымен таныстырды.

    2. «Өзін-өзі тану-рухани адамгершіліктің бастауы» тақырыбында  Өзін-өзі тану мұғалімі Шатбаева Т.А. баяндама оқыды.

     

     

    3.02.17ж. 1. Әдіскер Есболова А. «Мейірім төгетін ана» тақырыбындағы С.А.Назарбаева туралы ақпаратты стенд жасақтап және өмірдерегімен таныстырды.                                                                                                          2.«Мейірім шашқан жүрегі» тақырыбында ортаңғы топ пен ересектер топтары арасында көркемсөз оқу байқауы болды.

     

     

    6.02.17ж. Топтарда тақырыптық сабақтар өткізілді:

    «Мейірімділік асыл қасиет»,«Сенім мен сезім»

     

     

    7.02.17ж. «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» атты сурет салу байқауы өткізілді.

     

     

    8.02.17ж. 1. «Әлем қандай тамаша!»    атты    табиғи материалдардан                                                               жасалған қолөнер бұйымдар байқауы ұйымдастырылды.

    2.«Қызығы толы бұл әлем» топтарда бұрыш жасақталды

    3 «Жақсылықпен жаным дос» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

     

     

    9.02.17ж. «Қайырымдылық -ізгіліктің бастауы» тақырыбында ересектер топтары арасына сахналық қойылымдар байқауы өткізілді.

     

     

    10.02.17ж. «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық, мейірімділік акциясы аясында,  мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесу ұйымдастырылды.

     

     

    13.02.17ж.  Өзін-өзі тану:«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі іс-шаралары қортындыланып, жақсы жетістіктер көрсеткен балалар марапатталды.

     

     

  • 20.02.2017 ж.

    14 ақпан күні балабақшамызда Қалалық  Жетістіктер апталығы болып, тәрбиешілеріміз екі ашық оқу қызметін көрсетті. Бірінші оқу қызметін «Мейірімділік сәулесі» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ересектер тобының тәрбиешісі Нусупканова Лаура жүргізді.

    Екінші оқу қызметін математикадан «Көңілді аққала» тақырыбында екінші кіші топ тәрбиешісі Жилгельдина Г.С жүргізді. Түрлі ойын түрлерімен ұштастырылған екі  оқу қызметі де қызықты өтті. АКБҮО  атынан қатысушы №34 әдіскері Балгабаева Д.С. мен басқа да келген педагогтер барлық оқу қызмет түрлерінің жүргізілуіне  жоғары бағасын берді.

     

     

  • 10.03.2017 ж

    Біздің балабақшамызда 1 мен 7 наурыз аралығында Халықаралық аналар мейрамы мерекеленді.

    Балаларының түрлі мерекелік құттықтауларына ата-аналар риза болды. Балалар әндер шырқап, тақпақтар оқып, түрлі билер биледі. Мамаларымен, әжелерімен ойындар ойнады. Барлық топ балалары аналарына, әжелеріне  арнап, қолдан түрлі бұйымдар әзірлеп тарту етті.

     8 наурыз – әдеміліктің, әсемдіктің символы қыздарымыздың, аналарымыздың мерекесі. Олай болса, мерекедегі құттықтаулар сіздерге арналады, құрметті біздің  аналар!

     

     

  • 27.03.2017 ж

    Балабақшада 15 - 18 наурыз аралығында «Наурыз мейрамы» мерекеленді. Мерекеде балалар қазақ халқының ұлттық ойындары «Тақия тастамақ», «Арқан тарту», Теңге жинау», Бәйге» ойындарын ойнап, қазақ халқының түрлі әдет ғұрыптарын тамашалады. Мерекеге әже қонаққа келіп, баланы бесікке салу рәсімін жасады. Соңынан ұлттық тағам түрлері туралы әңгімелеп, арнайы дайындалған  тағамдардан балаларға үлестірді. Мереке өте қызықты болды.

  • 10.04.2017 ж.

    1 мен 8 сәуір аралығында балабақшада сенбілік болды. Сенбілікке қызметкерлер мен бірге ата-аналар да шықты. Олар балабақша айналасын жинақтап, балалар алаңдарын сырлап, ағаш түптерін қопсытып, әктеді. Түрлі жеміс ағаштары мен гүлдер отырғызылды. Бірлесе жасаған жұмыс нәтижелі болып, балабақша айналасы тап-таза болды. Көмектерін аямаған ата-аналарға алғысымыз шексіз!

  • 17.04.2017 ж.

    №58 «Балауса» балабақшасында 1.04-29.04.2017 ж. аралығында ай бойына сенбілік болып өтті. Сенбілікке қызметкерлер мен бірге ата-аналар да шықты.  Сенбілікте қызметкерлер балабақша алаңдарын жинақтап, ағаш түптерін ақтады. Балалар алаңдарына түрлі ағаштар егіліп, гүлдер отырғызылды. Балалар үшін алаңдарға ойын ойнауға арналған құрылғылар дайындады. Бірлесе жасаған жұмыс нәтижелі болып, балабақша айналасы тап-таза болды. Көмектерін аямаған ата-аналарға алғысымыз шексіз!

  • 25.04.2017 ж.

    №58 «Балауса» балабақшасында 17.04-21.04.2017ж. күндері аралығында «Жетістіктер апталығы» болып өтті. «Жетістіктер апталығында» барлық топтарда  барлық оқу қызметі түрлері жүргізілді. Тәжірибелі тәрбиешілердің жұмыстарынан  жас мамандардың алары көп болды. Әр жүргізілген оқу қызыметі жүргізілгеннен  кейін талқыланып отырды.

  • 27.04.2017 ж.

    №58 «Балауа» балабақшасында Халықтар достығы 1-мамыр мерекесіне орай, «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Ертеңгілікте әр-түрлі ұлт өкілдерінен құралған балалар өз тілдерінде әндер шырқап, өлең жолдарын арнады. Балалар бірнеше ұлттың билерін билеп, түрлі ойындар ойнады. Ұйымдастырылған іс-шара өте қызықты болды.

  • 05.05.2017 ж.

    2017 жылдың 4 мамыр күні №58 «Балауса» балабақшасында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ересек орыс топтарында «Мы должны все помнить и чтить» тақырыбында мерекелік ертеңгілік болып өтті. Отанын, туған жері үшін, әлпештеп өсірген елі үшін, отқа түсіп, жалын кешкен, ер жүрек батырлардың еңбегін есте сақтау мақсатында жүргізілген іс-шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Балалар жеңіс күніне арналған әндер шырқап, өлеңдер оқыды. Алғашқы көмек көрсету мақсатындағы ойын түрлері жүргізілді. Мереке соңын балалар «Әрқашан күн сөнбесін!» әнімен қорытындылады

  • 12.05.2017 ж.

    2017 жылдың 5 мамыр күні №58 «Балауса» балабақшасында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ересек қазақ топтарында мерекелік іс-шарасы өтті. Шарада балалар ерлік, жеңіс туралы және патриоттық тақырыптағы әндер шырқап, билер биледі. Алғашқы көмек көрсету мақсатында ойындар ұйымдастырылды. Балалар бабалар ерлігін мадақтап, құрметтеп жүруге, әрдайым жеңістің оңайлықпен келмегенін шын сезіне білуге үйренді. Тәрбиешілер Л.Нусупханова және С.Мамбеталиева жүргізген «Ұлы Жеңіс күні» мерекелік шарасы өте жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылды

  • 05.07.2017 ж.

    №58 «Балауса» балабақшасында Астана күніне орай шаралар өткізілуде.

      Арнайы  апталық жоспар жасақталды.  Апталық «Астана-бас қалам» тақырыбында барлық топтардың тақырыптық сабақ өткізуімен басталды.  «Арайлы Астанам» тақырыбында Бейнелеу пәні мұғалімі А.Жұмағалиеваның ұйымдастыруымен тақырыптық көрме дайындалып, балабақша балаларына Астана туралы мағлұматтар берілді. Шілденің 1-інде асфальтқа сурет салудан байқау өткізіліп, нәтижесінде № 11топ тәрбиеленушісі Борсақбай Алихан    бас жүлдені иеленіп, №7 топтан Айтмухан Арнас 1-орынға ие болды. «Туған күніңмен, Астана!»  тақырыбында 3 шілдеде мәнерлеп оқудан байқау өткізіліп, балалар Астана тақырыбында өлеңдер оқыды. 4 шілде күні «Кім мерген» атты мергендікті сынау, қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында орыс топтары арасында  асық атудан жарыс өткізілді. Нәтижесінде 2-топ тәрбиеленушісі Магомедов Саид жеңіске жетті. 5 шілде күні «Гүлдене бер, Астана» тақырыбында балабақша ауласында үлкен мерекелік сазды шара өткізіліп, шара барысында балалар Астана тақырыбында тақпақтар, әндер айтып, би билеп, соңында барлық мерекеге қатысушы балалар мен қызметкерлер флешмоб биледі.

     

     

     

  • 07.09.2017 ж.

    2017жылдың 7 қыркүйегі күні  «Дені саудың, тәні сау» тақырыбында №12 ересектер тобында мерекелік іс-шарасы өткізілді.

      Сайыс теңіз жағалауында ұйымдастырылды. Екі командаға бөлініп өткізілген жарыс өте қызықты болды.  Балалалар бес бөлімнен тұратын сайыс барысында өздерін көрсетуге тырысты. Әсіресе, балалар үшін   «Кім жылдам» ойыны ұнады.Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру мақсатында ұйымдастырылған шара өз дәрежесінде өтті.

     

     

  • 05.10.2017 ж.

    26 қыркүйек күні ересек топтардың ата-аналары арасында «Балалардың құқығын қорғау заңдары» тақырыбында жиналыс болып өтті.                         Жиналыста балалардың құқығы туралы талқыланды.  Баланың әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Сондықтан ата-аналар, біріншіден, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Міне осы бағытта түрлі сұрақтар талқыланып, жауаптар алынды. Жиналыс өте қызықты  өтті. Балабақша психологы Г.Кемелхановна қатысып, өз ойымен бөлісті. Психолог балабақшаға жаңадан келген балалардың балабақшаға үйренуі және мінезі қиын балалар  туралы тоқталып өтті.

  • 01.11.2017 ж.

    31.10.2017ж. балабақшамызда жоспарға сәйкес балабақша қызметкерлері арасында, өрт қауіпсіздігінен сақтану мақсатында өрт қауіпсіздігінен қорғау мекеме қызметкерлерімен жаттығулар өткізілді.  Сағат 10.00де  дабылды дыбыстық белгілер іске қосылып, балалар қосымша есіктерден далаға шығарылды. Тапсырмаларды дұрыс және уақытында орындаған 132 тәрбиеленуші мен 43 қызметкерге алғыстар айтылды. Төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігі шаралары жыл ішінде алдын –ала құрылған жоспарға сай өткізіліп тұрады. Қызметкерлердің біліктілігінің арқасында өткізілген шара өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

  • 06.11.2017 ж.

     1 нен 3 қараша аралығында №58 «Балауса» балабақшасында күз мезгіліне байланысты ойын сауық шарасы өткізілді.

    Балалар әндер шырқап, билер биледі. Түрлі тақпақтар мен ойындар ойналды. Мерекеге Күз ханшайымы кіріп, балалармен мерекені қызықты өткізді. Шараға басқа да ертегі кейіпкерлері мен мыстан кемпір,  дәрігер Айболит қонаққа келді.

     

    Балабақшадағы мерекелер- балалар үшін қызықты, көңілді ,сыйқырға толы. Ел байлығын арттырған сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Міне, осы күз мезгілінің ерекшеліктерін балалар шын сезіне білді.

     

     

  • 08.11.2017 ж.

    7 қарашада №2,10 ересек топ тәрбиеленушілері  тәрбиеші және  ата-аналарымен бірге Ботаникалық баққа саяхат жасады. Ол жерде олар әр түрлі ағаштармен, бұталар түрлерімен танысты. Күзгі дала көрінісін тамашалап, гербарийлер жинады.

  • 17.11.2017 ж.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 16 қарашада балабақшаның ересек топтары тәрбиеленушілері  Маңғыстау облысының тариха-өлкетану мұражайына барып, еліміздің жәдігерлерімен танысты.

    Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайы бүгінгі таңда еліміздегі алдыңғы қатарлы мұражайлар қатарында. 1975 жылы ашылған мұражай өлкенің тарихынан үлкен сыр шертеді. Мұражайда өлкенің археологиясы, этнографиясы туралы тарихи коллекциялар, 52 мыңнан аса экспонаттар бар.

     

     

  • 04.12.2017 ж.

    30 қарашада ересек және ортаңғы топ тәрбиеленушілері  Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген көркемсөз оқу байқауына қатысты.

    Байқау қорытындысында 1-орынды №2-топ тәрбиеленушісі Сулейман Аянат, 2-орынды  №10- топтан Танаш Бексұлтан мен Нұрсайын Сағыныш, 3-орынды  №12 топтың  тәрбиеленушілері  Датиев Абулбакир,  Қалмұхан Алтынай,  №9 топ тәрбиеленушісі Қуан Аян иеленді.

    Байқауға қатысқан барлық үміткерлер Дипломдармен марапатталды.

     

  • 19.12.2017 ж.

    16-17 желтоқсанда Қазақстаннық барша тұрғындары Тәуелсіздік мерекесін тойлады. Біздің «Балауса» балабақшасында да мерекелік шаралар жоспарға сай өткізілді. «Біздің өмір сүретін өлкеміз» тақырыбында ересек топтары тәрбиеленушілері арасында көңілді ойын түрінде шара өткізілді. Шара барысында балалар викториналық сұрақтарға жауап беріп, өзара сынға түсті. Сонымен бірге қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. 12-13 желтоқсанда ересек топтарында мерекелік тақырып аясында ертеңгіліктер өткізіліп, балалар ән, тақпақтарын айтып, би билеп, еліміз туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Ортаңғы топтарда тақырыптық сабақтар өткізілді.

  • 28.12.2017 ж.

    22-28  желтоқсан аралығында  балабақшаның барлық топтарында  сағына күткен жаңа Ит жылын қарсы алу мақсатында ертеңгіліктер  өткізіліп, ата-аналар балаларының тамаша өнерлерін тамашалады. Ертеңгілікке  ертегі кейіпкерлері Қоян, Аю, Жалмауыз кемпір, Қарша қыз, Аққала, Сиқыршы, Мұз  Ханшайымы  қонаққа келіп, мерекенің сәнін келтіріп, думанға бөледі. Әсем шыршаны айналған балалар Аяз Атаның алдында , оның мейірімді көздеріне қарап тұрып, тақпақ, әндерін қуана  айтып, сыйлықтар алды. Жаңа жылдық  ертеңгіліктер  балаларға, қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлап, өте жоғары дәрежеде өтті.

  • 10.01.2018 ж.

    10 қаңтар күні қалалық «Үздік жас маман-2017» байқауына балабақшамыздан ән саз жетекшісі Шарауова Фариза қатысып,  «Бас жүлде» жеңіп алды. Мектепке дейінгі мекеме педагогтерінің кәсіби деңгейін көтеру, жас педагогтердің еңбегін бағалау, рухани жаңғыру бағыты бойынша шығармашылық қабілеттерін, кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатына Ақтау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Еңбегің жана берсін, Фариза!

  • 26.01.2018 ж

    2018жылдың 26 қаңтары күні «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, балабақшамыздың бүлдіршіндері мектеп кітапханасына саяхаттады. Мақсаты балаларды кітапхана өмірімен таныстыра отырып, кітаптар туралы түсініктерін кеңейту, оқуға деген ынталарын ояту.

    Кітапханада кітапханашымен әңгімелесіп, түрлі сұрақтар қойылды.  Кітапхана қызметкерін кім деп атайды? (кітапханашы). Кітап оқушыларды кім дейді? (Оқырман). Кітапханада қандай кітаптар бар? (әр-түрлі, балалар және үлкендерге арналған т.б.) Балалардың көпшілігі кітапханада бірінші рет болып, кітап сақталатын орынды көріп таңданыстарын білдірді. Балаларға кітапханаға серуен өте ұнады.

     

     

  • 12.02.2018 ж.

    9 ақпан күні балабақшада облыстық семинар болып өтті. Тәрбиеші Р.Н.Джауметова қоршаған ортамен таныстырудан ең кіші топта робототехника бөліктерімен таныстырды. Одан кейін ортаңғы топта бейнелеу өнері мұғалімі А.Жұмағалиева оқу қызметін көрсетті. Балалар сурет галереясына саяхаттап, суретші болудың қыр-сырларын біліп және дәстүрден тыс сурет салу түрлерімен танысты. Қазақ тілі мұғалімі А.Мукашева «Ойла да, ойна» тақырыбында ересектер тобымен үш тілде оқу қызметі түрін көрсетті.  Қауызда  суға жүзуге үйретуші Б.Абдикеримованың «Жас теңізшілер»тақырыбындағы іс-шарасы өтті.

  • 06.03.2018ж

    Балабақшамызда 8 наурыз аналар мерекесіне орай, мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды. Ертеңгілікте балалар әннен шашу шашып, билер биледі. Мамаларына, әжелеріне тақпақтар оқып, бірге ойындар ойнады. Соңынан балалар өздері қолдарынан дайындаған сыйлықтарын аналарына тарту етті. Одан соң балалар аналарымен вальс биледі.

  • 15.03.2018ж.

    14 Наурыз күні біздің №58 «Балауса» балабақшасында «Амал келді, құт келді» тақырыбында  мерекелік іс-шарасы өткізілді. Қазақ тілі кабинетіндегі қазақтың киіз үйінде дастархан жайылып, әжеге балалар қонаққа келді. Балалар ағаш үйде әндер шырқап, жаңа жылға тақпақтар айтты. Әже балаларға қазақтың жаңа жылы туралы, ырымдары туралы әңгімелеп берді. Соңынан бата беріп, арнайы дайындаған дәмдерінен ауыз тигізді.

  • 19.03.2018ж.

    16 наурыз күні «Жаңашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс-тәсілдер-балабақшада» тақырыбында мектепке дейінгі мекеме педагогтері арасында  облыстық педагогикалық оқу байқауы болып өтті.  Байқауға қазақ тілі мұғалімі Мукашева Айпатша Амангелдиевна қатысып ІІІ орын алды. Жеңісіңмен құттықтаймыз, жеңістерден көріне бер Айпатша Амангелдиевна!

  • 26.03.2018ж.

    19.03.-20.03.2018ж. Балабақшамызда наурыз мерекесіне орай, «Армысың, Әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шарасы өтті. Балалар наурыз туралы тақпақтар оқып, әндер айтты. «Арқан тарту», «Тақия тастамақ», «Асық ату»т.б. қазақтың ұлттық ойындары ойналды. Әже қонаққа келіп, наурыз көжеден, бауырсақтан ауыз тигізді. Мереке барысында Алдаркөсе мен бай ертегісі сахыналанды. Шара соңы балалардың «Қаражорға» биімен ұласты.

  • 08.10.2018ж.

    05.10.2018ж  №58 «Балауса» балабақшасында мұғалімдер күніне   орай,  «Ұстазым ақылшым» тақырыбында   іс-шарасы   болып өтті. Шара барысында педагогтерді әкімшілік  мереке күнімен құттықтап, балабақша атынан марапаттады. Педагогтер ән шырқап, өлең жолдарынан шашу шашты. Билер биледі. Қызықты ойындар ойналды. Шара көңілді әрі қызықты өтті. Шара соңы мерекелік дастарханға ұласты.

  • 29.10.2018ж.

    Балабақшамызда жыл сайын күз мерекесі тойланады. Далада күн қанша салқын болса да, балабақшамыздың ән-саз залындағы мереке  шуақты, жылы леппен, көңілді балалардың шырқаған әуені мен билеген билерімен ұласып жатты. Мерекеге қонаққа күз ханшайымы келіп, балалармен ойындар ойнап, тақпақтарын тыңдады. Күз ханшайымымен бірге кірпі, тиын, аю, түлкі қонаққа келіп, балалармен бірге мерекені тойлады. Түрлі жеміс жидектермен ойындар қызықты өтті. Ең қызықты сәті, күз ханшайымының дайындап әкелген  балаларға тосын сыйы болды. Себетке толы алмалар балаларға үлестірілді. Мереке көңілді әрі қызықты өтті.

  • 27.11.18 ж.

    26.11.18 ж.күні №58 «Балауса» балабақшасында «Тұңғыш Президент күніне»

    орай «Елбасы –бала болашағы үшін» тақырыбында ақпараттандыру стендісі

    жасақталды. Стендіде Президент Н.Ә.Назарбаев туралы суреттер ілінді. Балалар

    суреттерді көріп тамашалады, президент өмір жолдарымен танысты.

  • 28.11.18 ж.

    27.11.18 ж. күні «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында ересектер тобында тақырыптық оқу қызметтері өткізілді. Елбасының өмір деректері жайлы әңгімелер айтылып, өлең жолдары арналды.

  • 04.12.18 ж.

    30.11.18 ж.күні «Ұлт көшбасшысы» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Балалар кітап көрмесінде суреттер қарап, елбасының түрлі суреттерін тамашалады. Жанұясы, қызметі, өмірдерегі т.б. суреттерін қарады.

2017. ГККП «Ясли-сад № 58 «Балауса» отдела образования акимата г.Актау