ГККП «Ясли-сад № 58 «Балауса»

отдела образования акимата г.Актау

Педагогтар туралы ақпарат

2016-2017 оқу жылындағы педагогтардың сапалық құрамы.

 

2016-2017 оқу жылындағы педагогтардың сапалық құрамы:

 Барлық педагогтар –33.

Олардың ішінде: Жоғары білімді -17, арнаулы орта білімді -16 ;

Жоғарғы санатты – 6 педагог,

бірінші – 13,

екінші – 2.

 

 

Шатбаева Туйме Аманбековна

МКҚК №58 «Балауса» балабақшасы І санатты «Өзін – өзі тану» мүғалімі

Облыстық "Өзін-өзі тану" үздік панорамалық сабақ – ІІ Орын «Диплом»

 

Шатбаева Туйме Аманбековна  МКҚК «№58 ”Балауса“балабақшасында» он бес  жыл бойына қызмет етеді. Ол өз еңбек жолын тәрбиешіліктен бастады. Балалармен топта жұмыс жасағанда жан-жақты білікті маман ретінде өзін көрсетіп, балабақша әкімшілігі тарапынан және ата-аналар атынан мол алғысқа ие болып жүр.Жұмыс мерзімі ішінде Шатбаева Туйме өзін жауапкершілігі зор, қабілеті мен шығармашылығы мол маман ретінде көрсете білді.1998 жылдан бастап балабақшадағы орыс топтарында қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс жасайды.Осы жылдар ішінде ол балабақша ішілік, қалалық  денгейде бірнеше ашық сабақтар көрсетіп,өзінің жұмысына жаңашылдықпен қарады.

Шатбаева Т.А.осы мерзім аралығында балабақшаның өміріне тығыз араласып, қалалық  деңгейде өткен іс шараларға ат салыса қатысты. Ол осы жылдар ішінде балабақшаішілік пен  қалалық  деңгейде бірнеше сабақтар көрсетті. Қалалық «Жетістіктер апталығында»– «Жақсы деген немене, жаман деген немене» үш тілдегі және «Мейірімділік сәулесі» тақырыбында ашық оқу қызметі түрлерін көрсетті.Сонымен қатар балабақша тәрбиешілеріне арнап ойын арқылы балалардың тілін дамыту  жинағын жасақтап шығарды. Педагогикалық кеңеске өз тәжірибесінен «Тіл дамыту сабақтарында балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру» тақырыбында баяндама оқыды.

Педагог кез келген жағдайда баламен тіл табыса алады, баламен және    ұжыммен қарым қатынасы дұрыс қойылған. Оның шығармашылық қабілетпен жұмыс жасағанының арқасында , балалары қалалық деңгейдегі ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстырып, жүлделі орындар алып жүр.

      Шатбаева Т. жас мамандарға берері көп тәжірибелі маман. Шатбаева Т. аянбай еңбек    еткенінің арқасында, кәсіби шеберлігі үшін бірнеше рет қалалық білім бөлімінің марапаттауларына ие болды..

 

Джауметова Рахат Нуртаевна

МКҚК №58 «Балауса» балабақшасы І санатты орыс тілі мүғалімі

2017 жыл  – Қалалық педагогикалық оқылым ІV Орын;

2016 жыл-  Облыстық байқау  «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем» -

Диплом ІІ Орын.

 

МКҚК «№58 «Балауса» балабақшасында» Джауметова Рахат Нуртаевна он жылдан бері  тәрбиеші болып қызмет атқарып келеді.  Джауметова Рахат Нуртаевна жұмыс жасаған жылдарында жан-жақты білікті маман ретінде өзін-өзі  көрсете білді, соның арқасында балабақша әкімшілігі тарапынан және ата-аналар атынан мол алғысқа ие болды. Осы жылдар ішінде ол балабақша ішілік, қалалық  семинарларда бірнеше ашық оқу қызметі түрлерін өткізді. Педагог өзінің жұмысына жаңашыл көзқараспен  қарады.

Педагог кез келген жағдайда адаммен тіл табыса алады, баламен де, ұжыммен де қарым қатынасы дұрыс жолға  қойылған. Оның шығармашылық қабілетпен жұмыс жасағанының арқасында  тәрбиеленушілері  қалалық, облыстық деңгейдегі ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Джауметова Рахат Нуртаевна жас мамандарға берері көп тәжірибелі маман. Тәрбиеші ойын арқылы баланың даралық қасиеттері мен білікті даму ерекшеліктеріне сәйкес оқу-іс әрекеттерін күрделендіре, толықтыра алады.

Джауметова Рахат Нуртаевна- білікті, тәжірибелі педагог.

республиканского уровней, где занимали почетные призовые места и были награждены дипломами и грамотами. Джауметова Рахат Нуртаевна бірнеше рет қалалық, облыстық, республикалық шараларға қатысып, марапаттауларға ие болды.

2015 жыл – Қалалық білім бөлімі- Құрмет грамотасы;  2016 жыл – Алғыс хат БАҰО «Өрлеу»;  2017 жыл – Қалалық педагогикалық оқылым- Диплом  Ынталандыру; 2017 жыл – Қалалық білім бөлімі Құрмет грамотасы;

 

 

 

 

10.01.2018 ж.

10 қаңтар күні қалалық «Үздік жас маман-2017» байқауына балабақшамыздан ән саз жетекшісі Шарауова Фариза қатысып,  «Бас жүлде» жеңіп алды. Мектепке дейінгі мекеме педагогтерінің кәсіби деңгейін көтеру, жас педагогтердің еңбегін бағалау, рухани жаңғыру бағыты бойынша шығармашылық қабілеттерін, кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатына Ақтау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Еңбегің жана берсін, Фариза!

 

 

 

 

19.03.2018ж.

16 наурыз күні «Жаңашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс-тәсілдер-балабақшада» тақырыбында мектепке дейінгі мекеме педагогтері арасында  облыстық педагогикалық оқу байқауы болып өтті.  Байқауға қазақ тілі мұғалімі Мукашева Айпатша Амангелдиевна қатысып ІІІ орын алды. Жеңісіңмен құттықтаймыз, жеңістерден көріне бер Айпатша Амангелдиевна!

 

 

 

 

 

2017. ГККП «Ясли-сад № 58 «Балауса» отдела образования акимата г.Актау