ГККП «Ясли-сад № 58 «Балауса»

отдела образования акимата г.Актау

Әдістемелік жинақтар

  • 06.12.2016 ж.

    Қонақ келсе- құт келер

             06.12.2016 ж.

    Білім беру саласы: Шығармашылық

    Сабақтың тақырыбы: «Қонақ келсе- құт келер»

    Сабақтың мақсаты: Халқымыздың қонақжайлылығы туралы мақал- мәтел, тақпақтар айтумен түсініктерін кеңейту. Табиғи материлдармен жұмыс жасауға үйрету және қызығушылығын арттыру. Қазақ халық ертегісі «Құйыршықты»  қайталау арқылы, балалардың  сөйлей шеберлігін арттыру. Ұлттық қолөнер бұйымдары туралы білімдерін қайталай отырып, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру және  қолөнер жөнінде түсініктерін жетілдіріп, ойлау қабілетін дамыту. Ұжымшылдыққа, еңбекке және үлкенді құрметтеуге, қонақжайлылыққа  тәрбиелеу.

    Көрнекіліктер мен керекті құралдар: Киіз үйдің ішкі  көрінісі (сандық, құрақ көрпе, бесік, қоржын, торсық, зерен, басқұр), қойдың суреті, жасалу үлгісі, желім, трафарет, табиғи материалдар (ағаш үгіндісі, таяқша).

    Алдын-ала жұмыс: қонақ туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер жаттату, «Құйыршық» ертегісі

    Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сарақ-жауап, көрнекілік әдісі, дәстүрден тыс әдіс-тәсіл;

     

     

     

    Ұйымдастыру сәті:

    • Амандасу

    Тәрбиеші: -Балалар, бүгін бізгі көп қонақтар келіп отыр екен. Қонақтармен амандасайықшы. (балалар қонақтармен амандсады) Ал,  енді осы қонақтарды біз танимыз ба? (балалардың жауабы)

    Тәрбиеші: - Қазақ халқы күн болсын, түн болсын есігіне құлып салмаған халық. Көлденең келген көк аттыны жылы жүзбен қабылдап, төрінен орын берген. Оны қазақ «құтты қонақ» деп атаған. Қазақта мынадай бір мақал бар, «Қырықтың бірі қыдыр». Осы мақалды қалай түсінеміз? (балалардың жауабы)

    Тәрбиеші: - Бұл мақалдың мағанасын мен сендерге былай түсіндірер едім. Осы отырған көп қонақтың бірі, бізге Қыдыр болуы мүмкін. Яғни, соның тілегі қабыл болады деген сөз.

      - Ал сендер,  қонақ жайында қандай мақал білесіңдер?

    • Мақал мәтелдер:

    «Адам болар бала қонаққа үйір»

    «Қонақты қуа берсең құт қашады»

    «Қонақтың алтынын алма, алғысы ал»

    «Құтты қонақ- тәтті тамақ»

    Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар, қонақ жайында түсініктерің бар екен. Ал енді, балалар, айналамызға мұқият қарайық , қандай өзгеріс байқап тұрмыз? (балалардың  жауабы)

    Тәрбиеші:  - Алыстан көз тартып тұрған қандай әдемі үй. Ендеше жақындап барып тамашалайық. Ер балалар молдасын құрып, қыздар әдемілеп отырып алайық. Балалар, байқадыңдар ма, біз бұл үйге емін-еркін кірдік. Үйдің иесі де жоқ ,есікте құлып та жоқ. Бұл қазақ халқының қонақжайлығының белгісі. Ал енді айналамызға көз жүгіртіп алайық. (балалардың жауабы)

    Тәрбиеші:  - Дұрыс айтасыңдар. Біз киіз үйдің жиһаздары мен бұйымдарын көріп отырмыз. Осылардың атауларын білеміз бе? (Балалар жауабы: сандық, бесік,көрпе төсек, қоржын,зерен, торсық)

     

    Сұрақ-жауап

    -  Сандық не үшін қажет?

    - Көрпенің қандай атаулары бар?

    - Баланы бесікке не үшін бөлеген?

    -Қоржынды  не үшін  пайдаланамыз?

     (Сол кезде  сөйлеп әже кіріп келеді)

    Әже: - Күн салқындап кетіпті, әлгі  бала қайда жүр екен? О, үйде қонақтар бар екен ғой! (балалар амандасады)

     

    Тәрбиеші:-  Сәлематсыз ба, әже, бір затқа ренжіп келесіз ғой!

    Әже: -Амансыңдар ма, қарақтарым, хош келдіңдер! Балам Құйыршық ертемен қойды жайып кетіп еді, соны қарап жүргенім ғой. Жолшыбай сендердің көздеріңе ілінген жоқ па? Сендер Құйыршықты танисыңдар ма?

    Тәрбиеші: -Әрине, біздің балалар, сіздің Құйыршығынызды таниды. Өйткені, олар  Құйыршық    туралы  ертегі  біледі. Солай емес пе, балалар? Әже, біз Құйыршық туралы сізге айтып берейік, мүмкін бізді естіп балаңыз да келіп қалар.

    Әже: -Ал,онда балам да келіп қалар, ертегілеріңді  айта отырыңдар.

    Сұрақ-жауап:

    -Құйыршық қайдан пайда болды? Оны қайда жұмсады? Құйыршық түйеқарынның астына неге кірді?  Құдай- ау, тым құрыса бізге енді бармақтай Құйыршықты қимаған ба, деп неге жылады? Ол қасқырдың ішіне қалай кіріп кетті? Қасқыр қай аңнан  көмек сұрады? Түлкі қандай көмек берді? Жолаушы қасқырды не істеді? Сол кезде Құйыршық қайда кіріп кетті?

    Әже:  -Ертегілерің дәл менің Құйыршық балам жайында екен. Балам қайда жүр екен?

    • Тосын сый:

    Құйыршық:  -Әже мен мұндамын (Құйыршықтың  дауысы шығады)

    Әже: -Мынау, менің Құйыршығымның дауысы ғой, құлыным-ау, дауысы қайдан шығып жатыр? (балалар жауабы: қоржыннан) Қызым, ана қоржынды алып бере қойшы!

    Әже қоржынның ішінен баласын шығарып  алақанына салып:

    Әже: - Құлыным-ау, сен неге тығылып отырсың, мен сені таң атқалы іздеп уайымдап жүрмін ғой. Балам-ау, неге көңілсізсің, неге үндемейсің? Бір нәрседен қорықтың ба? әлде қонақтардан ұялып  тұрсың ба? Келе ғой құлағыма айтшы. Ойбуй,  мына бала қойларын жоғалтып алып, қорқып сөйлемей тұр екен ғой. Енді қайдан табамыз, не істесем екен?

    Тәрбиеші: -Әже алаңдамаңыз, біз бар емеспіз бе? Солай ма, балалар,  көмектесеміз бе? Олай болса, Құйыршықтың қойын тауып берейік.

     

     

    Сергіту сәті:

    Қосылып бәріміз

    Көмекке барамыз

    Оңға, солға бұрылып

    Жан-жаққа біз қараймыз

    Көмектесіп әжеге

    Қойларды да табамыз

    Балалар жұмыс орнына жайғасады

    Тәрбиеші: -Біз қазір мына қойды жасаумыз керек. Ол үшін бізге мынадай фетр матасы және трафарет қажет. Трафаретті матаға беттестіріп, скрепкамен бекітеміз. Трафареттің ішіне желім жағып, үгітілген карандаш қоқымын себеміз. Қойдың сұлбасы дайын болған соң, көзін жасаймыз. Ал бәрі түсінікті болса жұмысқа кірісеміз. (Балалар әуенмен жұмысқа кіріседі)

    Дайын болған жұмысты ұжымдық фонға орналастыру.

     

     

    Тәрбиеші: -Балалар, қолдарыңыз шаршады ма? Қане, саусаөтарымызға жаттығу жасап жіберейікші.

    • Саусақ жаттығуы.

    Бас бармағым атам

    Сұқ саусағым әжем,

    Ортадағы түйені

    Балан үйрек байқады

    Шылдыр шүмек Құйыршық

    Бір сәт тыным таппады

    Қойға да өзі барады

    Тұзға да өзі барады

    Бір бірімен табысты

    Амандықпен қауышты

    Тәрбиеші: -Балалар, қойлар табылды, бірақ қойлардың қоршауы жоқ сияқты. Ендеше, әже мен Құйыршыққа тағы бір көмегіміз болсын, қойларына қора салып берейік. Мен мана жолда келе жатып  мынадай таяқшалар тауып алып едім. Бұл да бір қажеттілікке жарайтын болды. Қане, осы таяқшалардан қора жасап берейік. (қойлардың айналасын қоршайды)

    Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар» (балалар жұмысын мадақтау) Әже, міне, сіздің қойларыңызды тауып, қораға да қамап қойдық.

    Әже:   - Жүр, балам, қойларымызды түгендейік.  Балаларым, өркендерің өссін, сендер келмегенде қайтер едім. Құйыршығым да, қойларым да табылды. «Қонақ келсе- құт келер» деген осы екен. Құйыршықты уайымдап сендерге ештеңе ауыз тигізбеппін ғой. Жүріңдер, сендерге бауырсақ берейін. (балалар орындарына оралады)

    Тәрбиеші: - Балалар, сендер бүгін жарадыңдар. Әже, сендердің көмектеріңе риза болып, сендердің құтты қонақ екендеріңді айтты. «Қонақ келсе – құт келер» деген мақалды қонақ келгенде жоғалғаны табылса, малдары көбейсе, жақсы жаңалық болса айтады екен. Балалар, әже бізге сый-сыяпат берді емес пе? Олай болса, біздің де қонақтарымызға дайындаған қонақкәдеміз бар. Ол - тыйым сөздерден тұрады. Қабыл алыңыздар.

    • Қонақ кәде: Тыйым сөздер

    1 .  Жағыңды   таянба , тізеңді  құшақтама .

    Бала  болсаң  жағымды

    Ескер  ескі  нанымды

    Құшақтама   тізеңді

    Таянба  сен  жағыңды.

    Өсе  келе білесің

    Кім  жамандық  тілесін

    Құшақтасаң  тізеңді

    Жалғыз  өмір сүресің.

    2.Нанды  баспа

    Нанды  баспа  қорлама

    Аяғыңа  оң қара

    Жерде жатса  көтеріп

    Сал  кебеже дорбаға

    Болсаң  аз кем  бөгелер

    Еңбегің  де  еленер

    Нан көтерген  кісінің

    Көсегесі  көгерер.

    3. Жолды  кеспе

    Асығыспыз  десек те

    Ал, мынаны есепте

    Ақсақалды  атаның

    Алдарынан кесе  өтпе .

    Біл  мынаны , жігітім !

    Емес  бірақ үгітім

    Жолын  кессең  қарттардың

    Кесіледі  үмітің.

    Қанша  асығыс  болса да

    Дәм  аттаған  оңбайды.

    • Қорытындылау

    Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар. Міне, бүгін сіздер не істедіңдер? Қайда бардыңдар? «Қонақ келсе – құт келер»  деген мақалдың мағынасын түсіндік пе? (балалардың жауабы) Рахмет сендерге, өздеріңді өте жақсы көрсете білдіңдер.

     

     

     

  • 04.01.2017 ж.

    Қош келдің Жаңа Жыл!

    04.01.2017 ж.

                        Қош келдің Жаңа Жыл!

    Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру, өздерінің ойларын еркін ортаға салуға, тақпақ,әндерді анық нақты нақышына келтіре айтуға үйрету. Жаңалықты,жақсылықты сезінуге баулу. Бір-бірін сыйлауға,көмектесуге тәрбиелеу.

    Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Біздің бүгінгі жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін кішкентай бүлдіршіндерімізге береміз.

    Медина: Ақ мамыққа болеп алды маңайды,

    Жаңа Жылмен құттықтаймыз бәріңді

    Бақыт,шаттық,молшылық әкелсін

    Бәрімізге мына жыл арайлы!

    Құтты болсын ағайын!

    Жаңа жылың тағыда

    Қол соғып қарсы алайық

    Шақырайық ортаға

    Ертеңгілік басталсын

    Алтыншы бүлдіршіндер тобында!

    Темірлан: Тезірек,тездетіп мында жиналыңдар

    Басталады Жаңа Жылдық карнавал,

    Маска да бар, биде бар, асығыңдар!

    Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар!

    Аяз ата шақырғанның барі дағы қалмайды

    Басталады,басталады жаңа жылдық карнавал!

    Карнавалдың иелерин қарсы алайық қонақтар!

    Балалар көңілді әуенмен ортаға шығады.

    Жүргізуші: балалар сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары,сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал бүгін балалар қандай мерекеге жиналып отырмыз?

    Балалалар : Жаңа Жыл !

    Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Біз бүгін Жаңа Жыл мерекесін қарсы алуға жиналдық. Айтыңдаршы жылда жаңа жылда бізге қонаққа кімдер келуші еді?

    Балалардың жауабы.

    Жүргізуші: Қанекей ендеше бәріміз бірге шақырайық!

    Бәрі: Аяз ата , Ақшақар Ауууууу!!!

    Ақшақар кіреді,амандасады.

    Жүргізуші: Қош келдің Ақшақар! Бірақ сен неге жалғызсың? Аяз атамыз қайда? Біз аяз атаныда шақырған едік қой.

    Ақша Қар: аяз атаға біз бүгін Балауса балабақшасына баруымыз керек деп айтқан едім. Ол болса: «Е, ондағы балалар жақсы,тәртіпті балалар ғой, ендеше мен орманға барып, көп сыйлық алып келемін» деген, содан көп күттім. Аяз ата осында менен бұрын келген шығар десем, әлі келмепті.

    Жүргізуші: Жарайды ақшақар , онда Аяз ата келгенше би билеп , ән шырқап көңіл көтерейік.

     

    Нұржан:   Даламызға,қаламызға

                    Жаңа жыл келіп кіреді.

                   Қартымызға,жалпымызға

                   Жалынды сәлем береді!

    Назым:Бүгін біз көңілдіміз

                 Жаңа жылды қарсы алып

                 Мерекеге келгендерді

                Құттықтаймыз ән салып!

    Нұрхан: Ән саламыз , би билеп

                   Жырдан шашу төгілді

                  Бүгін бізде Жаңа жыл

                 Қандай қызық көңілді

    Қаракөз: Тілеймін мен бар адамға

                   Жаңа бақыт,  Жаңа жыр

                  Әке,шеше,аға,апа

                 Құтты болсын жаңа жыл!

    Жансерік: Әуеледі әніміз

                      Жаңа кірді сәніміз

                     Ақша қарды ортаға алып,

                     Би билейміз бәріміз

    Қ.Арайлым: Кел, билейік сенімен,

                          Деймін тартып жеңінен

                         Еріп кетпе Ақшақар

                        Адамдардың демінен!

    Ән: «Келді міне Жаңа Жыл»

     

    Қоян келеді.

    -Көмектесіңдер, құтқарыңдар! – деп шырша түбіне бұғып қалады.

    Ақшақар: әй су жүрек, қорқақ қоян-ай! Тағы кімнен қорықты екен?Қоян,қоян не көрінді саған сонша қорқатындай?

    Қоян: Біз Ата екеуміз келе жатқан едік, алдымыздан Мыстан кемпір шыға қалды.

    Ақшақар: Ал, содан? Аяз ата қайда?

    Қоян: Мыстан кемпір алдап, оны үйіне қамап тастады. Ал мен болсам қашып құтылдым. Әне,келе жатыр! - деп тағы шырша түбіне бұғып қалады.

    Ақшақар: Сен қорықпа қоян. Біз сені де, атаны да ол Мыстан Кемпірден құтқарамыз, Солайма балалар?

    Балалар: Ия.

    Ақшақар: Ендеше біз қоянды орманнын түбіне қашырып жіберейік. Тезірек қаш қоян!

    Мыстан кемпір келеді: Ха-ха-ха! Қарайгөр өздерін, Аяз ата,сыйлықтар. Жо-жо-жоқ! Болмайды ешқандай мереке – деп сыпырғысын жерге бір ұрып.

    Ақшақар: Әй Мыстан кемпір, бұл сенің қай басынғаның? Біз шыршаны айналып,жаңа жылды тойлап жатырмыз. Кет бұл жерден! Аяз атаны бізге қайтар!

    Мыстан: Жоооқ олай менен құтыла алмайсыңдар! Менің сендерге қояр шартым бар. Соны орындай алсаңдар ғана қайтарамын Аяз аталарыңды.

    Жүргізуші. Жарайды. Ендеше біздің гномдарымызбен би билеуге қалайсың? Олар сенің көңіліңді көтерер деген үміттеміз.

    Гномиктер биі.

    Ойын: «Кім жеңеді?»

    Мыстан: Ой рахмет! Көңілім әбден көтерілді. Ендеше мен аяз атаны босатайын, рахмет сендерге балалар! Сау болыңдар!

    Жүргізуші: Ал балалар Мыстан кемпірді де жеңдік! Олай болса біздің кішкентай жұлдызшаларымыз жарығын жандырып ,атамызға жол көрсетсін.

    «Жұлдыздар биі»

     

    Жүргізуші: Балалар ортамызға Аяз атада келіп қалған сияқты . Кәнекей дауыстап бірге шақырайық:

    Аяз  Ата келші,бізге сыйлық берші. Ауууу!!!

    Аяз ата: Естідім,естідім! Келе жатырмын!

                    Амансыңдарма халқым! Амансыңдарма балаларым ! Жаңа жылдарың құтты болсын! Қандай жарқын жүздерің? Қандай әсем көздерің? Алыпкелдім сендерге, Жаңа жылдың жылуын!

    Жүргізуші: Қош келдің Аяз ата балалар сені күтіп отыр. Келіңіз төрлетіңіз! Балалардың өнерін тамашалаңыз!

    Ақшақар: Аяз ата балалардың шыршасы жанбай тұр ғой! Кәнекей балалар Аяз атамен шырша шамын жағайық.

    Қуант бізді таңырқат

    Шамдарыңды жарқырат!

    Жүргізуші: Тамаша! Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтар неткен көп! Канекей шыршаға арналған тақпақтарымызды айтып берейікші.

    Қ.Арай: Тыңдаңыздар!

                  Таңырқанып тұрмаңыздар!

                 Сәнді шырша шақырып,

                 Шырша жырын жырлаңыздар!

    Ш.Арай: Ах какой хороший

                   Добрый дед мороз

                  Елку наш на праздник

                  Из лесу принес

    Марлен: Жаңа жыл

                   Жаңа жылда жаңа нұр

                   Жасыл шырша жанында

                  Билеп барлық бала жүр

    Алина: Тамаша!

                Шыршамыз тұр жараса

               Басында әсем жұлдызы

               Көз тоймайды қараса

    Мақсым: Дала нұр! Қала нұр!

                    Құтты болсын Жаңа жыл

                    Жасыл шырша жанында

                   Билеп барлық бала жүр!

     

    Арман: Жасыл желек жамылған

                 Асыл моншақ тағынған

                Міне сұлу шыршамыз

                Көптен күтіп сағынған

    Ән: «Борандатып»

    Әбілазім: Жаңа жыл!

                     Төгілсін жаңа нұр!

                     Сыйлығын сүйретіп

                    Келді міне жаңа жыл!

     

    Темірлан: Не ойласаң жаңа жылда

                      Орындалады бар арман

                      Жаңа жылды сондықтан

                     Күтеді барлық балақан

    Нұрали: Бар баланың қонағы

                   Төрлет ата жоғары

                   Жұрттың бәрі атадай

                  Қашан мырза болады

    Айбар: Ертеңгісін байқадым

                Жердің беті ақ қырау

                Дәл маржан деп айтамын

               Төгілуге шақ тұр ау

    Адия: Аппақ күміс бар әлем

              Зымыраймыз шанамен

             Тоғайлар тон киеди

             Аяз беттен суйеді

            Жиналып ап бар бала

            Тұрғызамыз қар қала

    Арман: Жаңа жыл келгенде

                 Қуанып қарсы аламыз

                 Аяз ата келгенде

                Билейміз, ән саламыз

    Амірхан: аппақ көше,бар қала

                    Аппақ ойлар,қыраттар

                   Ақ шатырлы қар қала

                  Ақ жамылып тұр бақтар

     

    Әмин: Ақ сақалын тарамдап,

                Аяз ата келіпті

               Балалрға аялдап

               Сыйлықтарын беріпті

    Арлан: Қол ұстаса айналып

                 Балалрмен ән салып

                 Қуанышын жайды анық

                Жаңа жылды қарсы алып

    Асима: Ақ қырауға малынған

                 Сақалы да мұрты да

                 Аяз ата сағынған

                Сәлем берді жұртына

    Айару: Шаттқ нүр, шаттық жыр

                 Дидарында шаттық нұр

                Аяз ата ортада

               Арқасында қапшық тұр

    Маңсур: Келіңдер!

                  Тақпақ айтып беріңдер!

                 Жомарт аяз атадан

                Сыйлық алып көріңдер!

     

    Асқар: Өлеңде әзір , әнде әзір

                Ойында әзір , бәрі әзір

               Кел жаңа жыл біздерге

              Кел жаңа жыл , жаңа жыл!

     

    «Аңдар биі»

     

    Жүргізуші: -Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

    Аяз ата: Ойбуй, ұмытшақ басым-ай, әрине қазір,қазір...

    Барлығына сыйлық үлестіріледі.

    Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңда ақылды да , білімді де, өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Біздің сыйлығымызға риза болыңыздар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Қош болыңдар!

    Балалармен қоштасады.

    Бәрі:

    Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты

    Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты!

    Құрметті қонақтар осымен біздің жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.

     

     

     

  • 20.02.2017 ж.

    Қалалық «Жетістіктер апталығына»  арналған кешенді оқу қызметі конспектісі

    «Мейірімділік сәулесі» (Ересектер тобы)

    Қалалық «Жетістіктер апталығына»

    арналған кешенді оқу қызметі конспектісі

    «Мейірімділік сәулесі»

    (Ересектер тобы)

     

    Тақырыбы: Мейірімділік  сәулесі

    Құндылық: Дұрыс іс-әрекет.

    Қасиеттері: Адамгершілік,қамқорлық .

    Сабақтың  мақсаты: Дұрыс және бұрыс әрекеттерді   айта отырып қайырымды істер жасауға үйрету, балаларға  мейірімділік  туралы  түсінік беру, баланың  бойына адалдық, жақсылық, ізгілік, мейірімділік  қасиеттерді дамыту. Адамгершілікке, қамқорлыққа  тәрбиелеу.

    Көрнекі  құралдар: кейіпкерлер костюмдері (аю, қонжық, қоян, шар, балапан), слайд, үнтаспа, жүрекше;

    Үлестірмелі материалдар: баулар, сары дөңгелектер;

    Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап, сахналау.

    Алдын ала жұмыс: «Мейірімді балапан»  әңгімесін оқып беру.

    Ұйымдастыру: Амандасу

    Күннің көзі ашылып,

    Көкке шуақ шашылсын.

    Құтты қонақ келіпті,

    Төрімізге еніпті.

    Амандасу үлкенге,

    Тәрбиенің басы ғой.

    Ал, кәнекей, бәріміз,

    Сәлем берейік үлкенге.

    Сәлеметсіздер ме?

    -  Здравствуйте!

    Good morning, good morning!

    Good morning to you

    Good morning, good morning!

    I am glad to see you!

    Жағымды күйге келу: «Нұрға  бөлену»

    Тәрбиеші:  Балалар, көздерімізді жұмып терең тыныс алайық. Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі күн нұрынан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, тілек қалауыңызды көңіліңізге ұялатып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын  елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен, осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін  шашуда. Олар сіздерді  тек жақсылық  жасау үшін, жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздердің  аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі  сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ести алады. Нұр көздерімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға ғана қарап бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелі ой келеді. Осы нұр бүкіл әлемге, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жандарға таралсын. Осындай нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Енді жайлап көздерімізді ашайық, қандай әсерде болдыңдар?

    (Балалардың жауаптары)

     

     

    Тәрбиеші:  - Керемет, міне осындай әсем сезімде ойымызды экранға бөлейік.

    Слайдпен жұмыс  (сұрақ-жауап)

    - Балалар, мына суретте не  көріп тұрсыңдар?

    - Олар қалай ойнап отыр?

    -    Ал, мына суретте балалар не істеп тұр?

    - Баланың  ісі дұрыс па?

    - Бір-бірімізді ренжітуге бола ма?

    - Немересі әжесіне бәліш пісіруге көмектесіп отыр екен, ал сендер үлкендерге қалай көмектесесіңдер?

    Үлкен атаға орын беріп тұрған бала?

    Баланың ісі дұрыс па?

    - Ал, енді балалар жақсылық  туралы тақпақтар мен мақал-мәтел білеміз бе?

    1. Жақсылық жаса досыңа,                          2. Добрата нужна всем людям,

    Бірге ойнаған жасыңнан.                                 Пусть побольше добрых будет

    Қиналған кезде әрқашан,                                 Говорят не зря при встрече:

    Табылсаң болды қасынан.                              «Добрый день» и «Добрый вечер»

    Болғың келсе жақсы адам,                              И не зря ведь есть у нас

    Жақсылық жаса әрқашан.                               Пожелания в добрый час

                                                                               Доброта она от века

                                                                               Украшение человека

     3. Әдеп сақтап әманда,

     Әрбір адал адамға.

     Жасасаң бар жақсылық,

     Қайтарады  саған да.

     

    «Жақсылыққа  жақсылық – адамдықтың  белгісі»

     «Жақсылық ұмытылмайды.»

    «Жақсылық жасау – жақсы адамның ісі»

    «Жақсыға қылған жақсылық - өмір тозбайды»

     

    Тосын сый (Балапан келеді)

    Балапан:  - Сәлеметсіңдер ме?

    Тәрбиеші:  - Сәлематсың ба, балапан? Қайдан адасып жүрсің?

    Балапан: - Сәлематсыздар ма, мен Күннің шуағын іздеп шығып едім, сендер көрмедіңдер ме?

    Тәрбиеші: - Балапан, сен уайыдама, біздің балалар саған көмектеседі. Көмектесеміз бе, балалар?

    Сахналау «Мейірімді балапан»

    Жүргізуші: - Кішкентай балапан өмір сүреді.  «Балапанның жүрегі мейірімді»,- деп айналасындағылырдың айтып жүргенін қалап, күн сәулесінің шуағын іздеді. Бірақ оны қалай табарын білмеді. Бір күні ол жолға шығып келе жатса алдынан үлкен аюды кездестірді.

    Балапан: - О, қандай үлкен аю, күнге барар жолды білетін болар.

    (аю, ренжулі қабағымен балапанға қарап сұрады)

    Аю:- Сен менің қонжықтарымды тауып бересің бе?

    Балапан: - Бос емеспін, бірақ  қуана комектесейін.

    Жүргізуші: - Балапан жасыл – желектен аюдың қонжықтарын тауып берді. Аю балапанды құшақтап мәз болды:

    Аю:- Рахмет саған балапан.

    Жүргізуші: - Балапанның  қуанышы қойнына  сыймай әрі қарай жолға аттанды. Жолда қоян табанына тікен кіргізіп алып отырғанын көрді.

    Балапан: - Қоян, маған күннің шуағына баруға көмектесесің бе? Қоян: - Жоқ, кешірерсің білмеймін, менің  табанымдағы тікенді алуға көмектесесің бе?

    Балапан: - Бос емеспін, бірақ, қуана көмектесейін.

     Жүргізуші: - Балапан қоянның табанындағы тікенді алуға көмектесті. Балапан тағы да қуанып, әрі қарай жолға шықты. Жолда ағаш басынан  шарды ала  алмай тұрған кішкентай қызды көрді. Қыз: - Ой, мейірімді балапан маған көмектесші!

    Балапан: -Әрине, әрине көмектесейін!

    Жүргізуші: - Қанатымен қағып шарды алып берді. Сол кезде қыздың қуанғанын көрген балапан өз жүрегіне жылу кіргенін сезді.

    Қыз: -(қыз балапанды құшақтап) Сен мейірімді жансың, барлық жандарға көмектесесің, қуанышқа бөлеп жүресің, сенің жүрегің жақсылықа, жылуға толы.

    Тәрбиеші: - Сен мейірімді жансың. Күн бәрімізге шуағын шашып, мейірімін төгіп, жылуын беріп, күлімдеп қарап тұр. Балапан, олай болса ортамызда қалып бізбен бірге бол.

    Сұрақ-жауап:

    - Балапан  нені  іздеп жолға шықты? (Күн шуағын іздеді)

    - Жолда кімдерді  кездестірді? (Аюды, қоянды, қызды)

    - Аю не деді? (қонжығымды тауып берсең көмектесемін)

    - Қоян не деді? (табаныма кірген тікенді алуға көмектесуді)

    - Ал, қыз не деді? (Ағаш  басынан шарымды алып бер)

    - Балапан неге көңілсіз тұрды? (күн шуағына  жете алмағаны үшін)

    - Қыз балапанның  көңілін қалай көтерді?

    (Қыз балапанның  мейірімді, барлық жандарға жақсылық жасайтынын , жүрегінің күн шуағына толы екенін  айтты)

    - Ал, енді, балалар, мына жүрекшені бір-бірімізге беру арқылы жақсы қасиеттерді  айтайық. Алақанымызды жүректің жылуына бөлейік.

    - Мейірімді- добрый-kind ,ақылды – мудрый- wise, жақсы – хороший - good , қамқоршы – заботливый - thoughtful, кішіпейіл - добродушный –good-natured, қайырымды – отзывчивый- responsive, әдепті- вежливый- polite.                 .

         Тәрбиеші: - Өте жақсы. Жүрегіміз жақсы сөздермен  толып, бізге өзінің жылуын беріп тұр.(жүректі жандырады)

    Сергіту сәті: Ритмикалық жаттығу.

    Шығармашылық жұмыс  «Күн сәулесі»

    - Ал, енді  балалар келген қонақтарымызды күн шуағымен жылытайық.

    Біздің алдымыздағы күнге  шуақ жасауымыз керек. Ол үшін күннің шуағын баулардан жасаймыз. Баулардың екі ұшын теңестіріп, тесік арқылы  өткіземіз.

    Қорытынды.

    Сұрақ-жауап арқылы өткен іс-әрекеттерді талдау

    Сау болыңыз!

     

     

     

     

     

     

     

    №58 «Балауса» балабақшасы

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Облыстық «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

    дәстүрлі онкүндігіне арналған өзін өзі тану  бойынша понарамалық оқу қызметінің «Мейірімділік сәулесі» тақырыбы конспектісі

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Дайындаған:

    Өзін-өзі тану мұғалімі

    Шатбаева Т. А.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Ақтау қ. 2017

     

     

  • 10.03.2017 ж

    АНА – ӨМІР ШУАҒЫ

    10.03.2017 ж

                      АНА – ӨМІР ШУАҒЫ

     

    Зал мерекеге сай безендірілген.

    Музыкалық әуенмен балалар залға кіреді де,жарты шеңбер болып тұрады.

    Жүргізуші:  Мінекей, көптеген күткен көктем мерекесі де келіп жетті, күн шуағын   төгіп,жерді жылыта бастады,үлкендер мен балалардың бәрі де қуанышты,себебі біз бүгін қандай мерекені атап өткелі отырмыз? Ал енді осы мерекеге балалар әзірлеген тақпақтарын оқиды.

    Тақпақтар айтылады:

    Диас:

                Көктем келді шуақты,

                Балаларды қуантты,

                Алақай-ау,алақай,

                Құстар сайрап,бақтар жайнап гүл атты

                Дала гүлге толыпты,

                Аққу көлге толыпты,

               Алақай-ау,алақай,

               Көктем қандай,көктем қандай көрікті

    Әділет:

                Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

                Аналардың мерекесін бастайық,

                Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

                Өтсін солай әрбір күнің,әр айың

    Әлімжан:

                 Құрметтейік балалар  аналарды

                 Бізді өмірге әкелген даналарды

                 Себебі ана деген асыл жан ғой,

                 Ойлауменен істелік әр қадамды.

                 Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

    Ұлпан:

                 Ана сүті дарыған

                 Сәби шақтан бойыма

                 Анашымды сағынам

                 Түсе берді ойыма,

                 Бір киелі күш берік,

                 Бәріне аян,бұл анық,

                 Анам жайлы түс көріп,

                 Оянамын қуанып.

    Іңкар:

                 Еркелеймін шаттанам,

                 Жарқын күлкің бақ маған,

                 Ақ бетіңнен сүйейін,

                 Келші,келші ақ мамам,

                 Бал бөбегін баптаған,

                 Мамам үшін мақтанам,

                Ақ бетіңнен сүйейін

               Келші,келші ақ мамам.

     

    Жүргізуші: Ал енді,балалар,мерекеге арналған ән шырқайық.

    Ән:  Көктем

    Жүргізуші: Балалар бүгінгі мерекеге бәріміз әдемі болып келдік

    Мерекемізді жалғастырамыз.Балалар,сендер сиқырлы орманға қонаққа барғыларың келеді ме? (жауап) .Олай болса барлығымыз көзімізді жұмайық.

    Сиқырлы орманға келдік,көзімізді ашамыз.

    Жүргізуші:Мінекей балалар,біздер сиқырлы орманға да келіп жеттік.Орман іші қандай әдімі (безендіруге көңіл аудару)

    Жүргізуші: Балалар,біз көктем айының келгенін білеміз.Ал енді көктем де бізге балабақшаға келсін.Дауыстап барлығымыз шақырайық.

    Көктем,көктем,сұлу көктем,Бізге кел де, көктем нұрын шаш.(Әуенмен залға Көктем келеді)

    Көктем:  Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Сеңдердің салған әндеріңізді естіп, мерекелеріңізге ортақ болайын деп келдім.

    Жүргізуші:  Далада тамшылап жаңбыр жауса, құстарымыз ұшып келсе, жылғалардан су ақса, онда бізге келді, сұлу көктем жарқырап.

    Көктем:  Мен қуаныштымын,себебі сіздер мені ұматпапсыңдар,аналарыңызды  мейрамымен құттықтап жатырсыңдар.

    Жүргізуші:  Сұлу көктем! Біздің бүлдіршіндеріміз сізге де сыйлық дайындап қойды. Қазір сізге ән айтып береді.

    Ән айтылады. «Құттықтаймын Ана».

    Би: «Көңілді мереке »

    Көктем:Рахмет,балалар!Әндеріңіз маған өте ұнады.

    Жүргізуші:

              Ана десем сезім билер тым ыстық,

              Жарасады адамдарға туыстық,

              Бар адамға берсе адам мейірімін,

              Орнар еді бар әлемде тыныштық.

              Аналарға арналған тақпақтар оқылады.

    Алтынай:

              Анам менің-аялаған ақ гүлім

              Анам менің-бақытым мен шаттығым

              Анашым-деп балаң жырын арналған

              Неге ғана естімеген тәтті үнін

              Анам менің-өмірдегі тірегім

              Анам менің қасымда сен болмасаң

              Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

    Нұрлат:

              О, анашым

              Таянышым,тірегім.

              Бар бақытты бір басыңа тіледім.

              Мен жақсы болса екен деп қашанда,

              Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

    Салима:        Анам,анам,ақ анам

                           Менде өзіңдей ақ болам.

                           Айтқан тіліңді аламын,

                           Жұмсағанда барамын.

                           Ақ төсекке жатқызсаң,

                           Көзіңді жұма қаламын.

    Нұрдаулет:

                           Құшағыңа кіргенде

                           Жылынамын бір демде.

                           Не жетеді көзіңе

                           Мейірімді күннен де.

                           Сегізінші Наурызбен

                           Құттықтаймын,анашым

    Дильназ:

                           Қамқорым да сенсің ана,

                           Сенсің ана ақылшым да.

                           Ұланыңды қасыңа алып,

                           Бастай бер алыс шынға.

                           Жүретінім сенің жолың,

                           Жалтақтамай,аялдамай.

                           Асыл анам өмір бойы,

                           Ұшамын мен саған қарай.

    Жамиға:

                           Шашымды өріп тараған

                           Қабағыма қараған,

                           Үлкен кіші демейді,

                           Сыйлайды оны бар адам

                           Мені жақсы көреді,

                           Күнде күліп келеді,

                           Көп ертегі біледі,

                           Маған айтып береді.

    Ән әуенімен залға «Қызыл телпек» келеді.Қолында кәрзеңке,кіре сала гүл тере бастайды.

    Жүргізуші:   Сәлеметсіз бе, Қызыл телпек?

    Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме? Балалар,қонақтар! Қандай әдемі,залды тамаша етіп көркемдепсіздер, сіздер неге әдемі болып киінгенсіңдер?

    Жүргізуші:  Біздің  балалар аналарын,әжелерін,апаларын наурыз мерекесімен құттықтауға жиналды. -Ал сен қайда бара жатырсың?

    Қызыл телпек:  -Мен әжеме бара жатырмын, кәрзеңкемде ыстық,дәмді бауырсағым бар. Оны менің және мамамның атынан сыйлыққа апара жатырмын және орманнан гүлді де теріп апарамын.

    Жүргізуші: Қызыл телпек,сен біздің мерекемізде қал, барлығымыз бірге ойын ойнайық,ән айтайық,би билейік.

    Ойын: «Гүл теру»

    Ойынның шарты:  Екі командаға бөлініп бес-бес баладан шығады.Ортада тұрған екі құмыраға гүлдерді кезектесіп салу керек.Қай команда бірінші гүлді толтырады сол жеңіске жетеді.

    Әжелерге арналған тақпақтар оқылады.

    Арайлым:  Әжетай,мейірің көп таңдандырған,

                         Біз үшін қиындықтан шаршамаған.

                         Жылуын жүрегіңнің аямыдың,

                         Өзіңе борышы көп балалардың.

    Абубакар:   Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

                         Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

                         Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

                         Кең шуағың аясындай гүл бақтың

    Ақнұр:        Ақ әжемді әрқашан,

                         Сыйлап жақсы көремін.

                         Қуантайын деп оны,

                         Өлең  айтып беремін,

                        Менің әжем  жыр әжем,

                        Шуағы мол нұр әжем,

                        Ақ таяққа сейеніп,

                        Аман есен нұр әжем.

    Несібелі:

                        Әжетай,нұрға толсың жүзіңіз,

                         Қуаныңыз,шаттаныңыз,күліңіз.

                         Тіршіліңтің қызығына бөленіп,

                         Аман-есен ортамызда жүріңіз!

                         Мерекен  ұзағына бола берсің,

                         Үй-ішің немере,шөбереге тола берсің!

    Қ.Санжар.

                         Аман болсын басыңыз,

                         Ағармасын шашыңыз.

                         Шөбере сүйіп әлі де,

                         Жүзге жетсін жасыңыз.

     

                         Жақсы  көрем   мен сені

                         Қартайдым мен демеші.

                         Мерекеде жыл сайын,

                         Қуанышқа бөлеші!

    Әуенмен:  Залға қасқыр келеді.

    Жүргізуші:  Балалар,қараңдаршы,кім бізге қонаққа келді.

    Балалар:  Қасқыр

    Қасқыр: Балалар,сіздер кішкентай бойлы,қызыл телпекті,қолыңда кәрзеңкесі бар қызды көрген жоқсыңдар ма?

    Балалар:  Жоқ

    Жүргізуші: Ол сізге неге керек?

    Қасқыр: Қарным ашып кетті.

    Жүргізуші: Қалай сіз ұялмайсыз,мұндай күнде қыздарды ренжітуге бола ма?

    Қасқыр: Қандай күнді айтып тұрсың?

    Жүргізуші: Бүгін «Халықаралық әйелдер күні» ғой.Барлық жер шарындағы аналардың,әжелердің,қыздардың мерекесі.

    Қасқыр:  Қалай? Әжелерді де ренжітуге болмайт дейсің бе? Әттеген-ай бүгін мен аш қалатын болдым ғой!

    Жүргізуші: Қасқыр,біздің  мерекемізге ортақ болуға қал.Бізде өте көңілді және қызықты,солай ма?

    Балалар: Иә!

    Қасқыр:  Жарайды,олай болса, қалайын,бүгін қыздарды,әжелерді ренжітпеймін.Қызыл телпек,шыға ғой,айттым ғой ренжітпеймін деп, бүгін мен көңілдімін.

    Жүргізуші: Аяладың мәпеледің жасымнан,

                         Мен де сенің табылушы- ем қасыңнан,

                         Қуаныш қып менің өскен бойымды,

                         Естен кетпес сипағаның басымнан.Ортамызда әжелерімізде  отыр.Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып  «Сағындым әже» әнін айтып берейік.

    Би: Қыздарымыздың үнді биін тамашалаңыздар.

    Ойын: «Өз баласын таны»

    Ойынның шарты: ортаға  бір баланың анасын шығарып,көзін орамалмен байлап өз баласын тауып алу керек.

    Жүргізуші: қонақтармен қоштасып,залдан балалармен бірге шығып кетеді.

     

     

     

     

     

                     Мама

    Авторы Б.Бейсенова

     

    1.Жүрегінің бір бөлігін бөліп беріп,                                                                                                    Мына жарық дүниеден өмір беріп,                                                                                                            Бесігімде тербеп мені әнге салған,                                                                                                              Сол бір асыл жан.

    Қ-сы: Ақ сүт беріп аяладың, мама,                                                                                                                              Жан шуағын аямадың, мама.                                                                                                      Қанатыңды саяладым, мама.                                                                                                          Қандай әсем күлгенің.                                                                                                                                 Ай қабағың таңдай ашық, мама.                                                                                               Папамызда саған ғашық, мама.                                                                                               Ортамызда қандай бақыт, мама,                                                                                                     Аман есен жүргенің.

    2. Маған деген шексіз оның махаббаты,                                                                                      Ақылшы, дос, биік таудай парасаты.                                                                                        Шаңырақтың алтын күні сияқтанған,                                                                                                 Сол бір асыл жан.

    3. Үлкен болып өссем дағы мен бұл күні,                                                                                     Аңсап жүрем "ботақаным" деген үнін.                                                                                               Бұл әлемде бәрінен де кымбат маған,                                                                                        Сол бір асыл жан.

     

     

  • 27.03.2017 ж

    «Жыл басы Наурыз!»

    27.03.2017 ж

                                                     «Жыл басы Наурыз!»

     

     

     

    Мақсаты: Балаларға  ұлыстың  ұлы күні туралы  мағлұмат беру;

    Балаларды елін ,Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге

    тәрбиелеу;

    Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

    Көрнекілігі: газеттер, нақылсөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.

    Барысы:

    І Кіріспе

    Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:

    «Наурыз құтты болсын!»

    «Жыл басы-наурыз!»

    «Наурыз құт әкелсін!»

    «Құт  береке мейрамы Наурыз жасасын!»

    Залда әсем әуен ойнап тұрады.

    Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар.Ұлыс күндеріңіз құтты

    болсын!

    Ән ( Наурыз-коктем)

    Келе жатыр жылымыз,

    Мейрамдаймыз мұны біз.

    Халқы сүйген мейрамды

    Қарсы алайық Наурызды!

    (Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)

    Наурыз қыз:

    Наурыз т ойы-береке,

    Наурыз тойы-жыраңыз.

    Қызып дулы мереке

    Қызық думан құрамыз.

     

    1 бала: Қош келіпсің Наурыз!

    Арман тойы халықтың.

    Қуанышы халықтың,

    Құтты болсын қадамың!

     

    2 бала: Би биледік бәріміз!

    Егін өңін толқытқан,

    Елдің көңілін шалқытқан.

    Бас иеміз-Наурыз!

     

    3 бала : Сені тойлап қарсы алып,

    Бар әлемге жар салып,

    Сәлембердік, біз сізге!

     

    ІІ. Негізгі бөлім:

    Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы-Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

    Көрініс.

    (Шал қолындақамшысы бар, қой жайып жүреді)

    Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екенғой. Уһ, әбден шаршадым, демалайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.

    Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстіңбе?

    Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.

    Мыстан: Сен маған не бересің?

    Шал: Бір отар қой беремін.

    Мыстан: Жоқ маған қой керекемес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.

    Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.

    Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?

    Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар ,сонны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгендеөзің ұстап ал.

    - Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.

    Мыстан алтын сақаның жанында отырады.

    ( Бала сақасын іздеп шығады)

    Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?

    Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.

    Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенже бекті іздеп шығады.

    Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.

    Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.

    Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса ,менің шартымды орындаңдар.

    Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.

    Мыстан: Ондамаған Наурыз туралы тақпақ айтып беріңдер.

    (Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

    Мыстан: Жарайсыңдар!

    Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті  жібересізбе?

    Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер

    ( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)

    Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалдығой.

    Қыздар: Енді, жібересізбе?

     

    Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?

    ( Айтыс өнерін көрсетеді)

    Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екенғой.

    Қыздар: Кенжебекті енді жібересізбе?

    Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынап көрейінші( белінен

    Арқан шешіпбереді)

    Ұлттық ойындар ойналады.

    Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.

    (Қыздар жиналып ақылдасады)

    Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон ,мұнымен барлық жермен сөйлесе

    аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.

    Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.

    Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.

    Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..

    - Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды!

    Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе жатқан батыр кім болды екен?

    ( Тақтақтатып  Махамбет  келеді)

    Махамбет: Мына халық не үшін жиналған?Елбасын атағы қандай күн туды

    деп атбасын бұрып едім.

    Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр.

    Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.

    - Балалар Бұл кісі Махамбет батыр ,өзі ақын, ел басына не бір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі.

    ІІІ. Қорытынды:

    Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға  бізге бата беруге арнайы  Қызыратамыз

    да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.

    Қызырата батасын береді.

     

    Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!

    Дендеріміз сау, мықты болсын!

    Наурыз тойы келе берсін!

    Барлық халық бақытты болсын,

    Қош ,сауболыңыздар, халайық!

    Көріскенше күн жарық болсын!

     

     

     

    Наурыз – көктем

    1.Нaурыз-көктeм,

     Әкeлді тaңның шуaғын

    Нaурыз-көктeм,

    Әкeлді тaудың бұлaғын

    Нaурыз-көктeм,

    Жaйнaйды дaлaм гүлдeрі

    Нaурыз-көктeм,

    Алмa ағaштaры гүлдeді.

    Қaйырмaсы:

    Нaурыз-көктeм,

     Шуaғынтөккeн.

    Әкeлді бaйлық eлімe.

    Нaурыз-көктeм,

    Асығып жeткeн.

    Әкeлді бaқыт жeрімe.

    2.Нaурыз-көктeм,

     Мoлшылық, бaйлық ,бeрeкe

    Нaурыз-көктeм,

    Асығып жeткeн мeрeкe

    Нaурыз-көктeм,

    Думaнды тoйдa қaлaйық,

    Нaурыз-көктeм,

    Қoсылып әнгe сaлaйық!

     

     

  • 18.05.2017 ж.

    «Қош бол, балабақша!» ертеңгілік

    «Қош бол, балабақша!» ертеңгілік

     

    Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар!  «Бақытты балалық шақ» бортына қош келдіңіздер №58рейсі балабақша «Балауса»- мектеп бағыты бойынша ұшуға дайын . Белдіктеріңізді салып, ұялы телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып,  ұшуға дайын болыңыздар.

    Медина: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

    Арлан:

    Темірлан: Сүйген өз қыз, өз ұлын.

    Бөбегім деп аянбай

    Балабақша өз үйім

    Апай болды анамдай деп Лаура Қайратқызын ортаға шақырамыз!

    Адия: Баулып, баптап өсірген.

    Бұзықтық етсек кешірген

    Ұмытпаймыз өзіңді.

    Ұмытпаймыз сөзіңді деп Көркем Қырмызықызын ортаға шақырамыз.

    Жүргізуші: Құрметті бүгінгі жолаушыларымыз!  Осыдан бірнеше  жыл бұрын кішкентай ғана бүлдіршін балдырғандар еді. Енді міне бойлары да, ойлары да өсіп, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Балаларға "Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа нұр жаусын", дей отырып  біздің жолсеріктреімізді ортаға шақырайық.

    1 ең таңқалдырарлық өз өнерін көрсетуден жалықпаған –Темірлан мен Балабақшамыздың бұлбұл дауысты қызы Мединаны

    2 Ең жауапты шыншыл бала Арлан мен Ең сүйкімді ерке қызымыз Адия

    3 Ақылды да,алғыр бала Нұрхан мен мың бұралған биші қызымыз Жанар

    4 Ең ықыласты, салмақты жігіт Алмас пен тақпақ айтып тақылдайтын Әсем

    5 Ең байсалды,тәртіпті баламыз Нұрәзиз бен ең сүйкімді,нәзік қызымыз Асима

    6 Ең жауапты қайсар жігітіміз Марлен мен жұмсақ мінезді момын қыз Мадина

    7 Жанашыр,әрі көмектесуден аянбайтын Асқар мен көңілді қызымыз Сымбат

    8 Бота көзді ерке баламыз Бектас пен ең пысық қызымыз Дианараны

    9 Әнші,ақын болар баламыз Дінмұхаммед пен әдемі қызымыз Қазына

    10  Қайсар,батыр  жігіттеріміз  Мансур мен Аян

    11 Ең ізденгіш,көп нәрсені білгісі келетін Әлішер мен  Нұржан

    12 Ең жауапты,шыншыл балдарымыз Ансар мен Нұрали

    13 Сүйкімді баламыз Нұрғали мен Ақнұр деген аппақ қызымыз

    14 Сұңғақ бойлы,биязы мінез Амиржан мен ақылды да ерке балдарымыз Амирхан мен биші,әнші,пысық қызымыз Нұрайды қарсы алыңыздар!

    Ортаға ынтығып Дымбілмес пен Бестік жүгіріп келеді.

    Бестік: -Сәлеметсіздерме, мен кешігіп калган жокпынба?! Қандай әсем , әдемі балалар! Балалар мені таныдыңдарма? Мен мектепте сендерге өте қажеттімін.

    Жүргізуші: -Балалар бұл бестік қой. Қош келдіңіз!

    Бестік: -Балалар сендердің мектепке кететіндеріңді естіп, бірге жетіп қалайын деп міндім .

    Жүргізуші:  -Ал сенші Дымбілмес мұнда неғып жүрсің?

    Дымбілмес: Мен менде барайын мектепке,мен мектепке барып көрген жоқпын.Мектепке баруды армандаймын.

    Жүргізуші: -жарайды

    Вальс «Маленькая страна»

    Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

    Қоштасатын кешімізді бастайық.

    Жүздеріңнен көркем шаттық арайы,

    Өтсін солай әр бір күнің әр айың.

    Енді балалардың балалақшаға арналған тақпақтарын тыңдайық

    Мадина: Қош келдіңдер құрметті меймандар

    Бізбен бірге қоштасуды тойлаңдар

    Гүлдей жайнап өстік балабақшада

    Енді бізді есейді деп ойлаңдар

    Мансур: Біз бақытты баламыз,

    Жетіліп ой санамыз.

    Бақшамызбен қоштасып

    Мектепке кетіп барамыз.

    Бұл күндерді қиялдап

    Сағынамыз әлі-ақ біз.

    Нұрғали: Оқимыз білім аламыз,

    Болашақ жолын саламыз

    Бақшаменен қоштасып,

    Біз мектепке барамыз

    Алмас: Бұл алғашқы қадамым,

    Таудай менің талабым

    Білім нәрін алуға, мен мектепке барамын

    Қашық емес арамыз

    Бақшаға келіп тұрамыз

    Қазына: талай қызық той өткіздік

    Бірақ орны бөлекше

    Бақшамызбен қоштасатын

    Бүгінгі той ерекше!

    Әлішер: Құрметті қонақтар армысыздар,

    Бәріңізде есен сау бармысыздар?

    Қоштасатын күн келді бақшаменен

    Апайларға айтатын алғысым бар.

    Ақ тілекті ағытып біз тастайық,

    Қоштасатын әнімізді бастайық.

    Әдеппенен өнегені үйреткен,

    Бақшамызды есімізге сақтайық

    Ән: «Біз мектепке барамыз»

    Жүргізуші: -Құрметті қонақтар,жақын арада өткен Жауқазын фестивальының  ең «Талантты топ» номинациясымен марапатталған қатысушыларымызды  «Болашағы біз елдің» атты әнімен қарсы алыңыздар!

    Ән: «Болашағы біз елдің»

    Жүргізуші: Дымбілмес Біз сенімен ойын ойнағымыз келеді. Ойынның аты иә,жоқ деп аталады.  ненің дұрыс ненің бұрыс екенін үйретейік. Дайынбызба?

    1 Мектепке біз барамызба?

    2 Кілең бестік аламызба?

    3 Айтқан тілді аламызба?

    4 Нан жеймін деп жылаймызба?

    5 Ақылды бала боламызба?

    6 Ертеңгісін тұрамызба?

    11 ойыншықтармен ойнаймызба?

    12 Екі алғанда жылаймызба?

    13 Біз оқушы боламызба?

    -Енді ата-аналарымызбен ойнап көрейік.

    1 Балаңызға әрқашанда тірексізбе?

    2 Сабақ оқып,есепке жүйріксізбе?

    3 Тамағын уақытында бересізбе?

    4 Сериал көріп жатасызба?

     5 Ұрып нұқып үйретуге сіз барасызба?

    6 Сен оқытта мен оқыт деп шаршадым деп ұрсысуға дайынсызба?

    7 бала үшін асулардан асасызба?

    Би: «До-ре-ми»

     Дымбілмес: Мынау не?

    Жүргізуші: Бұл қоңырау. Былай сыңғырлап сабаққа шақырады, сабақ біткен кезде тағы сыңғырлайды үзіліс болады!

    Дымбілмес: Алақай, үзіліс кезінде күліп, ойнап, жүгіріп бұзық болуға болады.

    Дымбілмес:  Менің сөмкемде сендерге сыйлық бар.Сыйлықтарды жақсы көресіңдер ме? Бестікке  орындыққа отыруын сұрайды.

    Жүргізуші: Отыра қалып: а-а-а-а-а-ай

    Дымбілмес: Не болды?

    Бестік:: Мынау не? /үлкен кнопканы көрсетіп/

    Дымбілмес: Кнопка! Ауырып қалды ма, ха-ха-ха. Балалар қызық болды ма?

    Балалар сендерге де, берйін бе? Мектепке мұғалім апайларыңның орындығына қойыңдар. Ұнайма. Онда тағы сыйлығым бар. Қалтасынан үлкен рогатка алып шығады. Атып жіберсең терезе тас-талқан болады, жоқ біреудің көзіне дәлдеп кеп атсаң, көзі көрмей қалады.

    -Әй ішегім, қандай қызық болады, ха-ха-ха

    Бестік: , қой енді, біз балаларды сыпайы, мейірімді, ұқыпты бол, ата-анаңды тыңда, үлкенге көмек көрсетіп, кішіге қамқоршы бол деп үйретіп, тәрбиелеп отырсақ, сен не деп тұрсың,ұят емеспе.

    Бестік: Балалар сендер математикаға қалайсыңдар?

     Жүргізуші: -Бестік біздің балаларымыз санауды,есептеуді жақсы біледі. Оны өзіңде сынап қарасаң болады.

    Бестік: -Онда «Тез тұратын сандар» деген ойын ойнайық.

    Шарты:  Балаларға бірден 10-ға дейінгі сандар беріледі. Музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

    Ән: «Бала тілегі»

     Нурали: Балабақшам қош енді

    Әркез аман бол деймін

    Әкем менен шешемді

    Ертіп енді келмеймін.

    Нұрәзиз: Сен үйреттің сөйлеуді

    Сенде ойым есейді

    Мектепке барам мен енді

    Балабақшам қош енді

    Амиржан:Жеті жасқа толамыз

    Әдепті бала боламыз

    Қуантып ата-ананы

    Мектепке кетіп барамыз

    Динара: ұлағатты тәрбиешім

    Аялаған жан шуағын

    Санамызға сіз жақтыңыз

    Өнер-білім шамшырағын

    Адия: Сізге шаттық бақ тілейді

    Тәлім берген ұл-қызыңыз

    Төккен терім деп біліңіз

    Жарқыраса жұлдызыңыз

    Ақнұр:  Үлкендердей тап-таза

    Жазамыз бормен тақтаға

    Үлгілі бала боламын

    Жүретіндеі мақтана

    Асқар: Қуантып әрі қинайды

    Бақшамнан алыс кеткенім

    Қажет қой бірақ білімнің

    Теңізінен өткенім

    Би: стюардессалар биі.

    Жүргізуші: -Балалар біздің ортамызда ыссы-суығын бөліскен балабақша қызметкерлері де бар. Осы кісілерге жылы лебіздерімізді шын жүректен білдірейік.

    Медина:  Гүлдендірген бақшаны

    Директор апай жақсы адам

    Сондықтанда біз үшін

    Артықсыз сіз басқадан

    Амангүл Жұбатқызына

    Айтамыз біз мың алғыс!

    Нұрхан: жайдары жүз,ай қабақ

    Еркелетер аймалап,

    Тобымызға жиі кеп

    Білгеніңді сұрайтын

    Ақыл айтып тұратын

    Айсулу,Майра апайға мың алғыс!

    Жанар: Үйретіп әнді,билерді

    Тақпақтар мен күйлерді

    Өткізуге кештерді

    Дайындайтын біздерді

    Бал татыған әндерді

    Фариза апай сүйеміз біз сіздерді

    Темірлан: Қайнаған су әкеліп

    Іш деп дәрі береді

    Жылтыңдатып инесін

    Түршіктірер денеңді

    Гүлсара Есболатқызына мың алғыс!

    Әсем: Біздерде бар бір адам

    Танисызба сіз оны

    Жүйкеңіз егер жұқарып

    Жанып жатса шоқ болып

    Екі көзге жас толып

    Көңіл кетсе бос болып

    Қасыңа келер дос болып

    Психолог Гүлжан Кемелханқызына мың алғыс!

    Арлан: Бізді баптап қараған

    Күлімдеген жақсы адам

    Ақ төсекке жатқызған

    Басымыздан сипаған

    Көркем апайға мың рахмет!

    Нұржан: Дәмді,тәтті тағамды

    Жеткіздірген біздерге

    Қоймашы Кулиха апайды

    Құрметтейміз алғыспен

    Марлен: Әр күніміз той думан

    Дәмді тамақ пісірген

    Асқа бізді тойдырған

    Аспазшылар Гүлназ,Оля,Айгул апайларға

    Айтамыз біз мың алғыс!

    Бектас: ойыншық та,кеседе

    Шанышқы мен тәрелке

    Орындық,шкаф,төсекте

    Бәрі өзі келеме?

    Соның бәрін табатын

    Шаруашылыққа қарайтын

    Зыр жүгіріп сынайтын

    Гүлнар апайға мың алғыс!

    Ансар: Үш тілді білу керек деп

    Еңбектеніп оқытқан

    Орыс тілі мен ағылшынды

    Көңіліме тоқытқан

    Рахат,Зияда апайларға мың алғыс!

    Амирхан: Жаттығулар жасатып

    Шынықтырар біздерді

    Денемізді тік ұстап

    Сулулықты көкседі

    Шапих   ағайға айтамыз біз мың алғыс!

    Сымбат: Суға түсіп шомылып,

    БАЛЫҚТАЙ БОЛЫП ЖҮРДІК БІЗ

    Денсаулықты мұрат қып

    МЫҚТЫ БОЛЫП ӨСТІК ДЕП

    Соня,Балжан апайға

    Айтамыз біз мың алғыс!

    Дінмұхаммед: Есепқисап жүргізетін

    Бақшаға кіріс кіргізетін

    Есепші Айгүл апайға

    Айтамыз біз мың алғыс

    Дауыс: Құрметті жолаушылар! №58 рейс  балабақша «Балауса»-мектеп бағыты бойынша қонуға дайындаламыз.

     Ән: «Круто ты попал в детский сад»

    Мұғалім «мектеп» табличкасымен күтіп алады.

     Бестік: -Балалар сендер өте алғыр,білімді екенсіңдер. Ал мен сендермен мектепте көріскенше қош айтысамын.

    Жүргізуші: Алуға терең білімді

    Мектепке енді кеттіңдер

    Өсті міне бойларың

    Өсті ақыл ойларың

    Қуанышқа ортақпыз

    Құтты болсын тойларың

    Сәтті болсын жолдарың

    Айналайын гүлдерім

    Ақшуақты күндерім

    Ерекше қызық тілдерің

    Естен кетпес үндерің

    Сүйкімді балғын балашақ

    Озат болып оқыңдар

    Ойға білім тоқыңдар!

     

     

     

     

  • 15.02.2018 ж.

    Облыстық семинарға арналған қазақ тілі оқу қызметінің конспектісі

    «Ойна да, ойлан»

    Мақсаты: Қазақ тілінде сұрақтарға нақты жауап беруге, екі-үш сөзден құралған сөйлемді айта білуге  үйрету. Отбасы, туған жер, менің қалам ұғымдарын түсіндіруді жалғастыру. Балалардың ойын  арқылы ойлау қабілетін, қазақ тіліндегі сөздік қорын дамыту. Сүйіспеншілікке, достыққа, ұжымдастыққа тәрбиелеу.

    Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап әдістері;

    Жаңа сөз: ғимарат

    Көрнекілігі: көгілдір экран, құрастырмалы парақшалар , музыкалық аспаптар, үй макеті, суреттер;

     

    І. Ұйымдастыру бөлімі:

    • Амандасу

    • Қызығушылықты ояту.  Релаксация.

     

    Мұғалім: Балалар, оқу қызметін бастамас бұрын, барлығымыз мына тұрған киіз үйге кіріп, бойымызды, ойымызды жақсы жағымды көңіл күйге бөлейік.

     

    (Әуен жіберіледі, балалар ыңғайланып жатады)

    - Балалар, әуенді тыңдап, денелеріңді бос тастап, көздеріңді жұмыңдар. Тыныштық. Әсем әуен. Теңіздің жағаға соққан толқыны. Теңіз құстарының дауысы. Ауа тап-таза. Кең тыныс алып, таза ауамен тыныстаңдар. Міне, жайлап күн ұясына батып, аспаннан жұлдыздар көріне бастады. Жер бетіндегі әр адамның өз жұлдызы бар дейді. Міне, сол көп жұлдыздың ішінде сендердің де жұлдыздарың бар. Ол жолдарыңды жарық қылып, сәулесін шашады. Көзідеріңді жайлап ашып, өз жұлдыздарыңды қараңдаршы. Әркім өз жұлдызына қарап іштей жақсы тілектеріңді айтуларыңа болады. Көзімізді жұмайық. Бойымыз қуанышқа толы, жақсы көңіл күймен көзімізді ашайық. Міне, күн де шықты. Енді балабақшамызға оралайық.

    Балалар киіз үйден шығып, орындықтарының қасына тұрып, ұрандарын айтады.

    Қазақ тілін сүйеміз,

    Әдеппен бас иеміз.

    Үйренеміз, оқимыз,

    Көңілімізге тоқимыз.

    Мұғалім: - Ендеше, орнымызға отырайық, назарымызды  көгілдір экранға аударайық. Не көріп тұрсыңдар?

    ІІ. Тосын сый

    Ортаға қыз бала кіреді. Ағылшын тілінде амандасады.

    - Мен сонау Англиядан келдім, сендердің қалаларыңда қыдырып жүріп, осында тап болдым. Сендермен бірге теледидар қарайыншы. Онда қызықтар көп сияқты.

    Мұғалім: - Балалар, қонақ келгенде амандасайықшы. (балалар ағылшын тілінде амандасады) Кел отыра ғой, біздермен бірге бол.

    (Көгілдір экран бетінен   түстері әртүрлі  үш ұяшық көрінеді.)

    - Балалар, ұяшықтағы сандарды санайықшы. (1,2,3)

    Қонақ қыз: - Мен түсінбедім. (балалар ағылшынша санап береді)

    Мұғалім: - Жарайсыңдар. Енді түстерін атайық. Қонағымызға да түсінікті болу үшін бірден ағылшын тілінде де де айтып кетейік. (қызыл, сары, көк)

    ІІІ. «Ойна да, ойлан» Экрандағы тапсырмалар.

    • 1- тапсырма «Тапқыр болсаң, тауып көр»

    Шарты: карточкадағы жасырын суреттегі бейнені мимикамен балаларға көрсету. Үш тілде айтып беру. Суреттегі бейнелерді үйге (макет) орналастыру.

    Ата – дедушка – grandfather

    Әже – бабушка - grandmother

    Әке – папа - father

    Ана – мама - mother

    Бала - мальчик - boy

    Қыз - девочка - girl

    Мұғалім: - Жарайсыңдар. Кім маған өз отбасы мүшелері туралы айтып береді? (өз отбасылары  туралы  айтады) Енді, қонағымызбен бірге

    отбасы туралы бәріміз қосылып, ағылшын тілінде өлең айтып берейік.

     

      (Ағылшын тілінде өлең айтады)

    • 2- тапсырма: «Жалғасын тап!»

     Шарты: Экранда гүл шығады. Гүлдің әр күлтешесінде мақалдардың 1-жолы жазылған, балалар жалғасын айтып беруі керек.

    Мұғалім: Өте жақсы.

    Қонақ қыз:   Керемет.

    Ағылшын тілінде гүл сөзін айтқызады.

    Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдің жұпар иісі»

        Күн шыққанда көгімнен,

       Гүл қауызын ашады.

       Желмен бірге тербеліп,

       Жұпар иісін шашады.

       Жайқалады, жайнайды,

       Көңілге шуақ сыйлайды.  (қимылмен жасайды)

    •  3-тапсырма:«Құрастыр, атауын тап»

    Шарты: Алдарында жатқан қиылған парақшаларды  құрастыру арқылы ненің суреті екенін анықтау.

    Мұғалім: - Алдарыңызда жатқан пазлы қиындыларын құрастырып, қай жер екенін айтып беріңдерші. Сонымен не көріп отырсыздар?

    1. Абай мәдениет үйі

    2. Жантөрин атындағы драма театр

    3. «Балбөбек» қуыршақ театры

    4. «Балауса» балабақшасы

    Мұғалім: - Дұрыс. Бұл тапсырманы да бұлжытпай орындадыңдар. Бір сөзбен айтқанда біз бұларды  ғимарат деп айтамыз. Қане қайталайық – ғимарат.

    Здание – ғимарат

    Ғи-ғи-ғимарат

    - Бұл қай қаладағы ғимараттар деп ойлайсыңдар? (Ақтау қаласындағы)

    - Ақтау қаласы туралы не білесіңдер?

    • Дыбыспен  жұмыс

    Балаларды «ғ» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.

    Мұғалім: - Балалар, бұл ғимараттардың барлығы өнермен айналысады. Онда әншілер, бишілер, әртістер жұмыс жасайды. Біздің балабақшада да ән-саз залы  бар. Солай емес пе? Олай болса, келген қонақ қызымызға өнерімізді көрсетейік.

    • Шағын музыкалық аспаптар ансамблі

     

     

     

     

     

          ІV. Қорытынды.

     

    Мұғалім: - Міне, тапсырмамыз да аяқталды. Көгілдір экран да бізге тапсырманы дұрыс орындағандықтан жүрек жылуын шашып тұр.

     

    - 1-ші тапсырмада не туралы айттық? Отбасы

    - 2-ші тапсырмада ше? Туған жер

    - 3- тапсырмада нені құрастырдық?  Ақтау қаласының ғимараттарын

     

    Мұғалім: - Отбасы. Туған жер. Ақтау қаласы. Бұл -  біздің Отанымыз.

     

    Отан – Родина.

     

     Отан туралы тақпақ.

     

    Мұғалім: - Қонақ қызымызбен қоштасайық. Сау болыңыз.

     

     

  • 15.02.2018 ж.

    Облыстық семинарға арналған бейнелеу өнері оқу қызметінің конспектісі

     «Біз суретші боламыз»  (Ортаңғы топ)

    Білім беру саласы: Шығармашылық

    Оқу қызметі түрі:  Сурет салу

    Оқу қызметінің тақырыбы:  «Біз суретші боламыз»

     

    Мақсаты: Қоршаған орта туралы білімдерін жетілдіре отырып, балаларға галерея туралы түсінік беру, танымын арттыру, сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру. Дәстүрден тыс сурет салу технологиясын қолдана отырып, балалардың қызығушылығын, белсенділігін  арттыру. Шығармашылық ой-өрісін, саусақ бұлшық еттерін дамыту. Баланың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту. Туған жердің кереметін сезіне білуге,   эстетикалық талғам үйлесімділігіне тәрбиелеу.

     

    Пайдаланатын көрнекі құралдар: Жергілікті суретшілерілердің суреттері, үлгі сурет, теңіз қабыршағы, «Ханшайым» қылқалам, қылқаламдар, мақталы таяқша, гуашь, көк бояумен боялған қағаз, кубиктер.

     

    Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Арт галереяға саяхат

     

    1. Ұйымдастыру бөлімі

    Шаттық шеңбері:

    Шын ниет ақ көңілмен,

    Шуақ нұры төгілген.

    Денсаулық тілеймін,

    Ризалық пейілмен.

    Сәламатсыздар ма?

     

     Мұғалім:  -Сәлематсыздар ма? Балалар мына суреттерге  назар аударып қараңдаршы?  Суреттерде не бейнеленген?

     

    2. Ақтау қаласының суреттері бейнеленген фото көрме

    * Мәңгілік алау

    * Абай атындағы мәдениет үйі

    * Жантөрин атындағы драма театр

    * Әкімшілік

    * Теңіз жағалауы

    - Қай қаланың суреті?

    - Ақтау қаласы туралы не білесіңдер ?

    - Қай теңіздің жағасында орналасқан?

    - Қыс  кезінде  Каспий  теңізі не үшін  қатпайды?

    - Теңізге қай  мезгілде түсеміз?

    - Балалар сіздерге  теңіз ұнайды ма?

    - Олай болса мен сендерге теңіз қабыршағын алып келдім. Қане, құлағыңызға апарыңызшы. Ненің дыбысы естіледі? (Толқынның)

     

    3. Тыныс алу жаттығуы  (Әуенмен)

    Тып-тынық тұрған теңізде

    Жел тұрды бір сәт лезде гуу-гуууу

    Толқыны соғып бұлқынып

    Шу естілді жағада ышуу-ышууу

     

    Мұғалім: - Балалар, сендер өз қалаларыңды жақсы көресіңдер ме?

    - Өз қаласын  жақсы көрген ақын былай деп өлең шумағын жазған:

    Ақ маржан қала теңізге төсеп бауырын,

    Қарсы алған күнде Каспийдің нөсер жауынын.

    Кеудесі шаттық, көшесі жастық гүл қала,

    Ақ маржан қала, Ақтауым осы бауырым,-  деп ақындар жырлаған  және  бұл  өлеңге  әнде жазылған.

    -  Ал суретшілер болса қаланың сұлулығын өз шығармаларында бейнелеген.

    -  Балалар естеріңде ма, біздің галереяға саяхатымызды?

    -  Сол галереяның бір бөлігі бізде қонақта.

    -  Олай болса, көңілімізді  мына тұрған суреттер галереясына аударайық.

    (Әрбір суретке  қысқаша  жетекші сұрақтар  қойып, талдау)

    -Қандай  бояулармен салынған?  Не көріп  тұрмыз?  Сендерге  ұнады ма?

     

    4.  Тосын  сый.

     - Ой, балалар мында қарандаршы! Мында бізге қылқалам  Ханшайымы   келіп отыр екен.

     

    Қылқалам Ханшайымы: - Сәламатсыз ба, балалар?  Мен мына суреттермен  бірге қонаққа  келдім.  Мен өте  нәзікпін, суға  түскенді, сурет салғанды  ұнатамын.

    -Балалар, сендерге сурет салған ұнай ма?

    - Мүмкін өскенде сендер де суретші  боларсыңдар?

     

    Мұғалім: - Олай  болса, балалар  орнымызға  жайғасайық.  Қылқалам  Ханшайымына   өз өнерімізді көрсетейік. Мен сендерге суретті салу жолдарын түсіндіріп өтейін мұқият тыңдап отырыңыздар! Бізге сурет салу үшін мынандай құралдар керек болады. Бояулы қағаз, қылқалам,  мақталы таяқша, түрлі түсті  гуашь бояулары, текшелер. Сурет салу тазалықты, ұқыптылықты қажет етеді.

    Суреттің салу әдісі

    Бүгін біз тек қылқаламмен ғана емес мақталы таяқшамен де сурет салатын боламыз. Қағаздың ортасына  қайықты қылқаламмен бейнелейміз.  Ең әуелі  желкенді салу үшін  бастыру  әдісін қолданамыз,  яғни үшбұрыш  кубик  ойыншықтар арқылы желкенді  саламыз. Содан соң мақталы  таяқшаны алып  ақ  гуашьқа  батырып, теңізді үзік сызықпен бояймыз. Оның  үстіне таза мақталы таяқша алып  ақшыл  көгілдір  түспен  бояймыз.  Содан-соң   таза таяқша алып,  жасыл  түспенде  бояймыз. Міне,  теңізіміз де  дайын  болды.  Енді  күннің  суретін  салу үшін  таза  таяқшамен  ортасынан  бастап  осы  әдіспен  саламыз. Күннің  сәулесін су бетіне  түсірейік,  ал шағаланы  қылқаламмен  белгі  түрінде саламыз.

     

    5. Сергіту сәті

    Білсең бәрін  демес  кім? (алақанды  ашып  тұру)

    Ұғынпазсың, зерексің  (бір-бірлеп  саусақтарды бүгу)

    Өнерлісің, өренсің.

    Мен  кішкентай  бөбекпін

    Бәрің  маған  керексің. (саусақтарды ойнату)

     

    6. Балалардың  жұмысы.  (Теңіз  дыбысын  аудиотаспа  арқылы  тыңдату)

     

    7. Сабақты  қорытындылау

    Балалар жұмысынан  шағын  көрме  ұйымдастыру.

     

    Мұғалім:  Міне,  біздің  теңіздегі желкенді қайықтарымызда дайын болды. Суретте  қандай  құралдар  пайдаландық? Маған  барлық  балалардың  суреті  ұнады. Ендеше  балалар  келген  қонақтармен және қылқаламмен  қоштасайық.

     

    1. Ұйымдастыру бөлімі

    Шаттық шеңбері:

    Шын ниет ақ көңілмен,

    Шуақ нұры төгілген.

    Денсаулық тілеймін,

    Ризалық пейілмен.

    Сәламатсыздар ма?

     

     

  • 10.10.2018 ж.

    «Алтын күз, бізде қонақта!»  мерекесі. 2018 ж    Ортаңғы топ.

    Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, әнмен, бимен, ойынмен  балаларды өз эмоциясын көрсете білуге дағдыландыру  және эстетикалық талғампаздығын қалыптастыру, күз табиғатының сұлулығына назар аудару. Балаларды күз сыйы көкөністерімен,  жемістерімен,таныстыру. Үлкендердің еңбегін құрметтеуге және табиғат құбылысын  музыкамен бере білуге үйрету. Күз тақырыбына байланысты топпен айтылатын әндер, жеке әндер, хороводтар, билер,тақпақтар, жұмбақтар, ойындарды пайдалану.Балаларға мерекелік көңіл күй силау.

     

    Көрнекілік:   күзгі орман суреттері, сарғайған жапырақтар, күз байлығы: көкөністер мен жеміс-жидектер, қол шатырлар, күзгі ағаштар, себеттер, бетперделер, костюмдер,

                           шариктер, султанчик.

     

        Балалар жетекшімен ішке кіреді, қолдарында жапырақтар, ортаға жарты шеңбер жасайды.

    Жет.Салематсыздар ма, балалар, қонақтар!  Балалар бүгін біз мына әдемі залға қандай мереке келдік?  (балалардың жауабы). Дұрыс айтасыңдар, бүгін Алтын күз мерекесі.

                    Жайдарлы күз, жарқын күз, аяулы күз алтын күз,

                    Дәнге толы кең далам, дариядай шалқар күз.

            Құрметті қонақтар, балалар күз мерекесіне арналған тақпақтарын  айтып береді.

    Бала: Көбейді құт мереке,жеміс толы қоймамыз,

               Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз.

      Бала: Алтын нұрдай тамшалып, жапырақтар төгілді,

                Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді.

    Бала: Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз келді,

              Жемістерін жинауға шақырады біздерді.

    Бала: Күздің сиын алайық,қызығына қарайық,

              Күзге арнап бәріміз, әнімізді салайық.

    Жет: Балалар, біз күз мерекесіне сары жапырақтар әкелдік,енді ортаға шеңбер жасап,

             жапырақтармен көңілді билеп, ән саламыз.

                                                    «Шеңберге тұрамыз»  ән-би.  (балалар отырады)

    Жет: Балалар, қолымызда не бар? (жауап) Ал енді осы әдемі жапырақтарды жинап,

              залдың ішін безендіріп қоямыз. (жетекші жапырақтарды жинап себетке салады).

    Алтын күздің дауысы: Ау! Ау!

    Жет: Балалар, сендер естіп тұрсыңдар ма, біреу  Ау! деп айқайлап тұр, біздің балабақшаға жол таба алмай жүрген кім  болды екен? Ау! Сіз кімсіз?

    Дауыс: Ау,у,у! Бұл мен, Алтын күзбін!

    Жет: Балалар, бұл Алтын күз екен, бізге мерекеге келе жатыр, қане біздер  -Ау! Алтын

               күз!- деп  оған жол көрсетейік.

    Алтын күз көңілді әуенмен ішке кіріп, залдың ортасына тұрады.

    Күз: Армысыздар, балалар! Күзгі бақтағы қонақтар.

             Өздеріңе әкелдім,Күздің сиын көз тартар!

     Салематсыңдар ма, балалар,  қонақтар!  Мені таныдыңдар ма? Мен Алтын күзбін, сендердің ән салған дауыстарыңды естіп   мерекеге келдім, өздерің әдемі болып киініп келген  екенсіңдер.

    Жет: Алтын Күз, сен де мерекеге әдемі көйлегіңді киіп келген екенсің, басыңдағы

              жапырақтарың да әдемі, қызыл,сары, жап,жасыл.

    Күз: Балалар да, мерекеге жақсы әзірленіп келген шығар?

    Жет: Балалар, жақсы әзірленді, тақпақтар жаттады, би үйренді, ал қазір Күз туралы әндерін салып береді.

                                                               «Күз» әні

    Күз:Рахмет, әндерің маған ұнады, сол үшін мен сендерді орманға апарып, көңілді би билеп,

           ойнағым келеді.

    Жет: Балалар, Алтын күзбен орманға барамыз ба? (Балалардың жауабы) Ал орманға немен барамыз. (Балалар: Поезбен)

    Күз: Балалар, поезға орналастыңдар ма, әзірсіңдер ме? Олай болса, кеттік.

              (Поезд әнімен айналып келіп ортаға шеңбер жасайды)

    Жет: Алтын күз, қолыңдағы себетің әдемі екен, ішінде не нәрселер бар?

    Күз: Мен балаларға досым, Кірпі шешенді алып келдім (ойыншық). Балалар, кірпі шешен сендермен көңілді ойнағысы келіп, кірпі шешен қашады, ал мен оны қуып ұстап аламын.

    «Кірпі шешенмен ойын»

    Күз: Кірпі шешенге ойындарың ұнады, ал енді біз көңілді билейміз.

    «Би шығармашылығы»

    (жаңбырдың дыбысы)

    Күз: Балалар, орманда жаңбыр жауып тұрған сияқты.

             1,2,3, жаңбырдан біз қашамыз. (султанчикпен балаларды қуады, орындыққа отырады)

    Күз: Қандай мықты да, епті балалар.

    Жет: Алтын Күз, отырып дем ал, балалардың мерекеге арнаған тақпақтарын тыңда.

                                        «Жеке тақпақар»

     Күз: Балалар, менің себетімнің ішінде бақшада өсетін жеміс жидектер мен көкөністер бар, қане маған атап  беріңдерші.  (муляжи, көрсетеді, балалар атайды)

    Күз:Тамаша, ал енді сендер маған көмектесіңдер, көкөністер мен жемістерді себетке жинап беріңдер.

                      «Ойын көкөністер мен жемістерді жинау» муляждар

    Күз: Қандай көңілді балалар.

            Мен әдемі Алтын күз,мерекеге келдім,

            Балаларға сап-сары жапырақтар әкелдім,

            Жапырақты алыңдар, айналып  кеп билеңдер.

                (көрсетеді, түстерін сұрайды, қыздарға үлестіреді.)

                             «Жапырақтармен би»

    Күз: Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме, олай болса менің жұмбағымды тыңдаңдар.

    Тырс,тырс, тамады,

    Сайға қарай ағады.

    Ол не?

    Дұрыс айтасыңдар, өте жақсы.

    Жет: Күз,балалар саған Жаңбыр туралы ән салып береді.

                                         «Жаңбыр» әні

               (әннің соңында Күз балаларды султанчикпен сулайды)

    Күз:  Балалар жаңбырдан тығылып қалды, ал ормандағы  аңдардың жаңбырдан қайда

              тығыландарын қазір көреміз. Әне, жаңбырдан қашып Қоян келеді.

    Ортаға секіріп Қоян шығады:

    Мен, ұзын құлақ Қоянмын.Мына жаңбырдан үстім су болды. Бір үй болса мен ішіне кіріп қолымды, аяғымды жылытар едім. Апчхи!

     Қолында қол шатыры бар қыз жүгіріп шығып ортаға тұрады:

     Қыз: Келе ғой сұр Қоян, менің қол шатырымның астына тығыл.

    Күз: Қоян, қолшатырдың астына жаңбырдан тығылды, бір уақытта жаңбырдан қашып Түлкі келді.

    Ортаға жүгіріп Тулкі шығады:

                  Қол шатырың қандай әдемі, (сипайды)

                 Мен де сиямын ғой, ішіне.

    Қыз: Түлкі, кел, тез  тығыл, құйрығың су болады.

    Күз: Түлкі  де қолшатырдың астына жаңбырдан тығылды.Осы кезде маймаңдап Аю шыға келді.

    Ортаға Аю шығады: Қайырлы күн достар!

    Бәрі: Салематсың ба, аю!

    Аю: Қол шатырдың астына мен де тұрайыншы, қолымды, мұрнымды жылытамын.

    Түлкі: Ой,ой, ой, өзің қандай үлкенсің.Сен менің құйрығымды басасың.

    Қыз: Достар, орын бәріңе де жетеді. Аю досым, кел, тығыл жаңбырдан!

    Күз: Аю қолшатырдың астына тығылып, жылынды. Осы кезде құс ұшып келді.

    Құс ұшып шығады: Достар, орталарыңа мені де алыңдар, кішкене жылынайын.

    Қыз: Кел  достым, кір ортаға, орын бәріңе де жетеді.

    Күз: Осы кезде жаңбыр да басылды. (қол шатырды жабады) Аңдар рахметтерін айтып өз жолдарымен кете барды,

    Бәрі: Рахмет, сау бол!

    Қыз: қолын бұлған, - Сау болыңдар, достар!

    Күз: Балалар, ертегі сендерге ұнады ма? Ал енді менің басқа балабақшаға баратын уақытым болды, Сау болыңдар!

    Жет: Алтын күз, сен бір нәрсені ұмытып бара жатырған сияқтысың?

    Күз (таң қалып): Нені ұмыттым?

    Балалар: Сыйлықты.

    Күз: Балалар, мен сыйлығымды үлкен сәбіздің ішіне салып қойып едім, сендер көрген жоқсыңдар ма? (залда жатқан сәбізді балалар көрсетеді)

    Күз: Міне, міне, таптық, (алып ішіндегі силықтарды балаларға таратады)

    Жет мен балалар Алтын күзге рахметтерін айтады.

    Күз: Ал енді менің кететін уақытыцм болды. Сау болыңдар! (кетеді)

    Жет: Бүгінгі Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, мерекені топта жалғатырамыз, Сау болыңыздар!

    Балалар көңілді әуенмен залдан шығып кетеді.

     

    Жетекші:

    Күз:

    Керекті құралдар:

    Жапырақтар, ойынға: Көкөністер мен жемістер, ыдыстар, сценкаға керекті маскалар.

     

  •  

    «Кірпі жанұясы»  мүсіндеу. 2018 ж

    Білім беру саласы:   Шығармашылық

    Бөлімі :  Мүсіндеу

    Тақырыбы:    «Кірпі жанұясы»

    Мақсаты:  Жануарлардың жанұясы туралы мағлұмат беру,ермексазды алақан арасына және жазықтықта домалақтау арқылы кірпіні мүсіндеуді үйрету.Тілдерін дамыту,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

    Қолданылатын көрнекіліктер мен қажетті құрал-жабдықтар: ермексаз,тақтайшалар,сулық,кірпі суреті, шемішкі,аңдар,үлестірмелі материалдар.

    Алдын-ала орындалатын жұмыс: кірпінің тіршілігі туралы айту.

    Сөздік жұмыс:  орманда  мекендеушілер.

    Билингвальді компонен:   жанұя – семья,орманда мекендеушілер – лесные жители.

    Уйымдастыру. –Балалар, қонақтарымызбен амандасайық.

    Сәлеметсізбе апайлар!

    Шаттық шеңбері

    Ашық болсын күніміз,

    Биік болсын туымыз.

    Тату болып халықтар

    Аман болсын балалар.

    -Біздің жүрегімізқандай?  Олай болса,жүрегімізден шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық.(балалар алақандарын үрлейді)

    Негізгі бөлім:

    Тәрбиеші кез-келген отбасының суретін балаларға көрсетеді.

    -Балалар,осы отырған адамдарды қалай атауға болады?

    -Отбасында кімдер бар? Балалар суретке қарап жауап береді. Отбасы тек адамдарда ғана бола ма? Отбасы жан-жануар, аңдарда да болады екен.

     

               - Балалар,мен сендерге ертегі оқып берейін.

    -Ерте,ерте,ертеде,орманда бір кірпі өмір сүріпті.Жыл сайын ол кірпі күз бойы балаларымен  бірге саңырауқұлақ жинап,ал қыста бәрі ұйқыға кетеді екен.

    Бір  күні ол өзінің балаларынан  адасып қалады.Оларды іздей бастайды.

    Музыка  қосылады. Есік қағылады топқа кірпі келеді. (бала ойнайды)

    Кірпі: - Мен балаларымды таба алмай жүрмін.

    Осы кезде есік қағылады, қоян  келеді.

    -Сәлеметсің бе,кірпі!

    Сәлеметсің бе,қоян!

    -Қоян маған балаларымды  тауып берші!

    -Егер маған сәбіз берсең,сенің баларыңды  тауып беремін.

    -Менде сәбіз жоқ,саңырауқұлақ бар.

    -Саңырауқұлақ жемеймін,сәбіз жоқ болса,көмектеспеймін! – деп қоян кетіп қалады.

    Музыка қосылады.

    Топқа түлкі келеді.

    -Сәлеметсің бе,кірпі!

    -Сәлеметсің бе,түлкі!

    -Түлкі,түлкі маған баларымды тауып берші!

    -Егер маған қаймақ берсең,мен саған көмектесемін.

    -Менің қаймағым жоқ.

    -Онда тауып бермеймін,  - деп түлкі кетіп қалады.

     Кірпі мұңайып:

    -Балалар,маған кім көмектеседі?

    -Мұңайма,кірпі,біз саған көмектесеміз!

    -Балалар,мына суретке назар аударайықшы.

    -Мұнда не бейнеленген?

    -Кірпілер.

    -Кірпінің бәрі бірдей ме?

    -Бірдей емес.

    -Қайсысы үлкен,қайсысы кішкентай,қайсысы кішірек?

    -Біреуі – үлкен,екіншісі кішкентай,үшіншісі кішірек.

    -Қайсысы әкесі?

    -Қайсысы анасы?

    -Қайсысы баласы?

    -Үлкені – әкесі,кішісі – анасы,кішірегі – баласы.

    Кірпі – жабайы,ол орманда өмір сүреді.Қыс бойы жерге түскен қалың жапырақ астында ұйықтап жатады.Кірпінің денесі тікенек болады,төрт аяғы,екі көзі мен құлаіы бар.Жауын көрсе аяқ-қолын жинап домалана қалады.

    -Кірпілер -  орманда мекендеушілер.

    Сөздік жұмыс:   -  орманда мекендеушілер.

    Балалар қайталайды.   - Орманда мекендеушілер.

     

    Сергіту жаттығуы:

    Ормандағы кірпінің

    Саңырауқұлағы көп екен

    Теріп-теріп алайық,

    Қалтамызға салайық.

    -Балалар,кірпіні мүсіндесек қайтеді.Кірпіні мүсіндеу үшін сұр және қара түсті ермексазды ,сонымен қатар шемешкені пайдаланамыз.

    -Алдымен ермексазддды алып,оны домалақтаймыз.Домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз.Созу арқылы тұмсығын шығарамыз. Осыдан кейін шымшу арқылы кірпінің төрт аяғын шығарамыз.Содан кейің қара түсті ермексазды алып,кішкентай дөңгелектер жасап,тұмсығының үстіне көзінің орнына жапсырамыз.Тікенектерінің орнына шемешкені алып ұшын жоғары қаратып қадаймыз.

     

    Саусақ жаттығуы:

    Момақанмын алайда  «үш саусақтарын түйістіріп кірпі жүреді»

    Тікенегім көп абайла  «екі қолының саусақтарын айқастырып кірпінің тікенектерін жасайды»

    Кіріп кетсе қолыңа,

               Өкпелеме жарайма?

    Музыка қойылады.Балалар жұмыстарын бастайды.

    -Балалар,кірпілерің дайынба?Дайын болған кірпілерді көрмеге орналастырады.

    Кірпі балаларға рахмет айтып қоштасып шығып кетеді.

     

     

    Қорытынды:

    -Балалар бүгін нені мүсіндедік?

    -Балалардың жауабы.

    -Кірпі неге көңілсіз келді?

    -Балалардың жауабы.

    Міне балалар жануарлардың да отбасы,жанұясы болады екен.

    Олай болса бәріміз  жанұя туралы тақпақты айтайықшы.

    Тақпақ:

    Сенде де бар жанұя

    Менде де бар жанұя

    Кірпіде де ,мал да да

    Үлкенде де,кішіде де

    Жанұя бар әрбір кісіде.

    Жанұя бары шуақ қой

    Қуаныш пен қуат қой.

     

    Күтілетін нәтиже:

     

    Жасайды:   ермексазды алақан арасына және жазықтықта  домалақтау арқылы кірпіні.

     

    Түсінеді:  топта жқмыс істеуді,кірпінің тіршілігі туралы.

     

    Қолданады:   ермексазбен мүсіндеуді.

     

     

  •  

    «Күз сыйы» Жемістер мен көкөністер. 2018 ж

    Тақырыбы: «Күз сыйы» Жемістер мен көкөністер

     

    Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт,  банан, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту. Көкөністер мен жемістерді ажыратуға, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. Зерттеу жүргізу, іздестіру

    әрекеттерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу. Адам еңбегін бағалауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

    Көрнекіліктер: Жұмбақ ән ойын, Бау - бақша, көкөністер (қияр, қызанақ,сәбіз) мен жемістер (алма, апелсин, банан)

     

    Жылулық шеңбері

    Біздің шаттық шеңберіміздегі күн күлімдеп тұр ,бірақ шуағы жоқ екен.Қане әрқайсымыз жеке- жеке жақсы тілектер айтып,күнге шуақ шашуға көмектесейік.

    Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

    - Қазір жылдың қай мезгілі?

    - Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

    - Күз мезгілі бізге қандай сыйымен келді?

    Жұмбақ жасыру.

    1.Іші жұмсақ,сырты қатты.

    Еті қызыл,сүті тәтті.  (Қарбыз)

    2.Аспай піскен,

    Қайнамай түскен. ( Жеміс )

    3.Жер астында жез қазық,

    Жеуге болар ас қазық.  ( Сәбіз )

    Д/О: «Сиқырлы қорапша»

    Балаларға қорапты көрсету,жетелеуші сұрақтар қою.

    -Балалар қалай ойлайсыңдар,мына қораптың ішінде не бар?

    -Ол ағашта өсетін зат.

    -Жарайсың,дұрыс таптың,ішінде  жеміс бар екен?

    -Ал бірақ қандай жеміс екені белгісіз.Енді соны табыңдар.

    -Иә ол алма.

    Қорапта тағы бір зат бар ол не деп ойлайсыңдар.

    -Жоқ бұл затты жеуге болады.

    -Жарайсыңдар,таптыңдар,ол-көкөніс.

    Бірақ ол қандай көкөніс екенін табыңдар.

    -Иа,дұрыс айтасыңдар ол қызанақ.

    -Жемістер мен көкөністердің қандай пайдасы бар?

    Жемістер бақта,ағашта өседі,көкөністер бақшада өседі.

    -Жемістер мен көкөністерді көп жеу керек. Сонда адамдардың денсаулығы мықты болады,. Тәттінің орнына жемісті көбірек жеу керек.

     -Жемістерден нелер жасауға болады?

    -Жемістерден әртүрлі тосабтар жасайды.

    -Көкөністерден не жасауға болады?

    -Көкөкністерден салаттар жасайды.

    Жеміс-фрукты, Көкөніс-овощь

    Сергіту сәті.

    Тербеледі ағаштар

    Алдымнан жел еседі

    Кіп-кішкентай ағаштар

    Биік болып өседі.

    Балаларға жемістердің,көкөністердің иісі,түсі,түріне байланысты сұрақтар қою.

     

    Ойын: «Иісінен таны»

    Ойын шарты Балалар көздерін жұмып,иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табу.

    Сабақты қортындылай келе,

    -Балалар жылдың қай мезгілі?

    -Күзде адамдар қандай еңбек етеді?

    -Бақшада қандай жемістер мен көкөністер піседі піседі?

    -Олардың адам ағзасына пайдасы қандай?

    -Жемістерден нелер жасауға болады?

    -Көкөністерден не жасауға болады?

    Ұйымдастырылған оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды атап айту,барлығына алғыс білдіру.

    Балаларға үйден оздері сүйіп жейтін жеміс немесе көкөністің суретін салып келуді тапсыру.

2017. ГККП «Ясли-сад № 58 «Балауса» отдела образования акимата г.Актау